Экс-шенеуніктер гольф ойнады

Сәуірдің 12-сі күні Алматыдағы "Жайлау" гольф-курортында  Pro Am жарысы басталды. Бұл -алдағы уақытта басталатын Kazakhstan Open турнирі алдындағы дайындық. Kazakhstan Open гольфтан Еуропа туры кезеңдерінің қатарына енеді. 

Гольф спортына көп энергия керек. Pro Am бес сағат өтті. Әр спортшы жарыс кезінде тоғыз километрдей жүрді.  Жарыс кәсіпқойлар мен әуесқойлар қатысып жатыр. Бұл турнир - әуесқойлар үшін тәжірибе, кәсіпқойлар үшін Kazakhstan Open алдында ойын алаңымен танысуға мүмкіндік.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы, қазір Қазақстан гольф федерациясын басқаратын Нұртай Әбіқаев гольф ойнап жатыр. Ол Қазақстанда өтетін әуесқойлар арасындағы турнирлерге жиі қатысады. 

1990 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған Серік Сұлтанғалиев - қазір голь федерациясының бас хатшысы. Ол бизнесмен және 2013 жылы "Әділет" және "Руханияттың" бірігуінен кейін құрылған "Бірлік" партиясының төрағасы.  "Бірлік" 2016 жылғы парламент сайлауында 0,29 пайыз дауыспен соңғы орын алып, парламент құрамына енбеген.
 

Серік Сұлтанғалиевтың командаласы Арман Ақтай (бірнеше энергетика саласындағы компанияларда жұмыс істеген) жарысқа қатысып жатқан сәт. 

Президент әкімшілігінің бұрынғы қызметкері және Қазақстанның Гонконгтағы елшісі болған Әнуарбек Арғынғазир жарысқа қатысып жатқан сәт.

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Асқат Баталов командаластарымен ақылдасып тұр. 

Бұл турнирге ерлермен бірге әйелдер де қатысты. Араларында Қазақстанда немесе Алматыда жұмыс істейтін шетелдіктер де бар. Жарыстың ең жас қатысушысы - 14 жаста. Суретте Pro Am жарысына қатысушысы - Балқаш Сағындықова.

Pro Am жарысы аяқталған соң президент Нұртай Әбіқаев пен Kazakhstan Open – European Challenge Tour жарысының атқарушы директоры Нил Бриггс Kazakhstan Open жарысының басталғанын жариялады. 

Pro Am жарысының жеңімпаздары.