Тасқыннан соңғы тіршілік
Жұрт жиылып, көшелер мен аулаларды тазалап жатыр. Сел жүрген Қарағайлы ауылында ондаған ерікті жұмыс істеп жүр. Суретте: «Шұғыла» қоғамдық қоры еріктілері батып қалған көлікті итеріп жатыр.
Тасқыннан зардап шеккен Қарағайлы тұрғыны Райхан "сел жүрген түні баспанасынан айрылғанын" айтып, көз жасына ерік берді.
Селмен келген батпақ кейбір үйлердің жертөлесін толтырып тастаған. Мұндағы батпақты шығару үшін әлі талай күн тер төгу керек.
Жергілікті тұрғын Алексей сел жүрген түні тасқынның сарқыраған дыбысын естігенін айтады. Ол жүкті әйелі мен екі баласын оятқан. «Есіктен шыға алмадық, терезеден шығуға тура келді» дейді ол.
Еріктілер Алексейге жертөлесін тазалауға көмектесіп жатыр.
Тасқыннан зардап шеккендерге Алматы құрлық әскерлері институты курсанттары көмектесіп жүр. Төтенше жағдай зардаптарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.
Жергілікті тұрғындар аула мен көше тазалауға келген жұмысшыларға тамақ беріп жатыр.
Қарағайлы тұрғыны Емерим Элладжиева суға кеткен үйінің орнында тұр.
Көптеген тұрғындар ұзақ жыл жиған дүние-мүліктерінен айрылды.
Сел өткен жер. Жарамсыз болып қалған көлік жалғыз бұл емес.
Ыдыс жуып отырған Қарағайлы тұрғыны.
Мына бір үй тұруға жарамсыз. Оны күреп тастайды.
Любовь Александровна - жалғызілікті адам. Оның үйі селден қатты зардап шеккен. Оған еріктілерден өзге көмектесетін адам жоқ.
«Шұғыла» қоғамдық қоры еріктілері Любовь Александровнаның жертөлесін тазалап жүр.
Көмекке келген еріктілердің бірі.