Қаңырап қалған Алматы трамвай депосы
Трамвайлар «үйі» трамвайлар «зиратына» айналды. Алматы, 9 тамыз 2016 жыл.
Алматыда трамвайлар 1937 жылғы қарашаның 7-ісінен бастап 2015 жылғы қазанның 31-іне дейін жүрді. Суретте: Байтұрсынов және Мақатаев көшелерінің қиылысындағы трамвай. Алматы, 21 қазан 2006 жыл.
Трамвай депосының ауласын қазір шөп басып кеткен. Алматы, 9 тамыз 2016 жыл.
Бұл трамвайдың борт нөмірі 1002. 2015 жылы қыркүйектің 23-і жол апаты осы трамвайдың кесірінен болған. Алматы, 9 тамыз 2016 жыл.
Киноға түскен трамвай. Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Елбасы жолы» киноэпопеясына 1960-жылдары жасалған трамвай керек болған. Бірақ 1987 жылдан шығарыла бастаған модель ғана табылған. Алайда екі модельдің бір-бірінен аса айырмашылығы жоқ. Алматы, 9 тамыз 2016 жыл.
Депо территориясындағы мына ғимараттың қапталына "социалистік реализм" туындысы салынған. Алматы, 9 тамыз 2016 жыл.
2007 жылы трамвайлардың бірін кафе ретінде қайта жасап, ол Алматы көшелерінде бірнеше жыл жүрді. Алматы, 9 тамыз 2016 жыл.
Трамвайлардың көбі осы жерге қаңтарылған. Алматы, 9 тамыз 2016 жыл.
Трамвай паркіндегі бірнеше жыл бұрын өртенген ғимарат. Алматы, 9 тамыз 2016 жыл.
Трамвай паркі территориясының кей тұстарында металл конструкциялар жатыр. Алматы, 9 тамыз 2016 жыл.
Трамвай паркі территориясынан қазір тауықтар мен қоразды көруге болады. Алматы, 9 тамыз 2016 жыл.
Трамвай паркі. Алматы, 9 тамыз 2016 жыл.