Онкологиялық науқастарға арналған қуыршақ көрмесі
Ұйымдастырушылардың сөзінше, көрмеге 30 шақты қуыршақ қойылған. Тағы үш қуыршақты осы көрмеге шетелден арнайы жолдаған, олар әлі жолда келеді. Көрмеге қатысуға ниет білдіргендер арасында Қазақстан, Германия, Израиль, Ресей және Украина азаматтары бар.
Қуыршақ авторларының ішіндегі ең кішісі төрт жаста. «Гүл ұстаған Ангелика» қуыршағын жасаған Дарина Қуанышбек «Шедевр» мектебінде тәлім алады.
Надежда Алтай-Крупскаяның әзірлеген «Періштелер ханшайымы» қуыршағы ересек шеберлер арасында екінші орын алды. Қуыршақ авторларын қолдау үшін конкурс тек шартты түрде өтті.
Лариса Сологуб дайындаған «Тілек бұлты» қуыршағы.
Көрмеге шетелдік қуыршақ шеберлерінің де жұмыстары қойылды. Мысалы, мына «Менің қонжық періштем» қуыршағын Ресейдің Нижний Новгород қаласынан Елена Хомекова жіберген.
«Қуыршақтар әлемі орталығы» жетекшісі Лариса Сологубтың (суретте) айтуынша, қуыршақ авторлары онкологиялық науқастарға тілектерін қуыршақтың сыртына, кейбірі қуыршыққа салынған хатқа жазған.
Лада Үмбетбаеваның бұл туындысы «Жаңа жылдық періште» деп аталады.
Екатерина Курочкинаның «Сен үшін» қуыршағы бірінші орын алды.
Қуыршақ жасаумен он жылдан бері айналысып келе жатқан Екатерина Курочкина ересек авторлар арасындағы конкурста бірінші орын алды.
«Вернисаж» галереясында ашылған «Рождество – періштелер мезгілі» атты көрмедегі қуыршақтар.
Көрменің ашылуына қатысқан қуыршақтар авторларына ұйымдастырушылар дипломдар тапсырды.
Қуыршақтардың бірінің сыртына онкологиялық науқасқа арнап жазылған тілек.