Советтік Қазақстан астанасы Алматыда екі жылдай уақыт қамауда болған кезде жапон тұтқындары өнеркәсіп нысандарын, тұрғын үйлерді, қоғамдық ғимараттарды салуға қатысты. Алматыда жүзден аса жапон әскери тұтқындарының сүйегі жерленген зират әлі бар.
Суретте: Жапон әскери тұтқындары Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жапонияның капитуляциясы туралы хабарды тыңдап тұр. Гуам, 1945 жыл.
Алматы ауыр машина жасау зауыты (АЗТМ) территориясындағы кейбір нысандарды тұтқын жапондар салған. 14 сәуір 2006 жыл.
Сергей Киров атындағы машина жасау зауытының әкімшілік кеңсесі. Кейбір деректер бойынша, бұл нысанды жапон тұтқындары салған. Алматы, 21 қазан 2006 жыл.
Жапон тұтқындары Қазақ ССР Ғылым Академиясы ғимаратын салуға қатысқаны туралы көп деректер бар. Алматы, 5 қараша 2013 жыл.
Трамвай депосына кіреберіс. Мұрағаттағы кейбір мәліметтер бойынша, бұл депо құрылысын салуға да жапон тұтқындары қатысқан. Алматы, 8 қыркүйек 2006 жыл.
Бұрынғы Қазақ ССР ішкі істер министрлігіне жапсарлас ғимаратты салуға да жапон тұтқындарының үлес қосқаны туралы деректер бар. Ол құрылыс қазіргі Қабанбай батыр көшесіндегі мына ғимарат болуы мүмкін. Алматы, 23 сәуір 2009 жыл.
Алматыда қазіргі кезде Жібек Жолы көшесінің бойында, Пушкин және Уәлиханов көшелері аралығында орналасқан мына тұрғын үйдің құрылысын салуға кезінде жапон тұтқындары қатысқан. 27 шілде 2015 жыл.
Жапон тұтқындары тұрғызған делінетін тағы бір тұрғын үй қазіргі Жібек Жолы және Досмұхамедов көшелерінің қиылысында орналасқан. Ғимараттың Жібек Жолы көшесіне қараған жағында оның салынған уақыты 1946-1948 жылдар деп көрсетілген. Алматы, 8 қыркүйек 2004 жыл.
Үлкен Алматы шатқалындағы ондаған шақырымға созылған жолды да «жапон тұтқындары салған» деген сөз бар. Бірақ оның құрылысына тұтқындардың қатысы туралы нақты мәліметтер жоқ. Әйткенмен, осы жол «жапондыкі» деген сөз ел аузында қалып қойған. Алматы, 2 наурыз 2015 жыл.
Жапон тұтқындарын Үлкен Алматы шатқалына салынған су электр станциясы каскадын салуға да пайдаланған. Үлкен Алматы көлінен тартылған ондаған шақырымдық құбыр құрылысы жапон тұтқындарының еңбегімен салынғанын қазірде біреу білсе, біреу білмейді. Алматы, 15 тамыз 2007 жыл.
Жапон тұтқындары жерленген зират жаз маусымының соңында қалың шөптен көзге әрең шалынады. Алматы, 7 тамыз 2015 жыл.
Жапон тұтқындары жерленген зират. Алматы, 7 тамыз 2015 жыл.
Жапон тұтқындары жерленген зиратта халықаралық «Солдаттар мәңгі есте» үкіметаралық қоры орнатқан құлпытас. Алматы, 7 тамыз 2015 жыл.