"Майданға түгел қатысуымыз керек". Таулы Қарабақтағы соғыс

Таулы Қарабақтағы ауылда Совет одағында жасалған қару ұстаған армян солдаттары. Таулы Қарабақ – халықаралық деңгейде Әзербайжан жері саналатын, бірақ одан бөлінгенін жариялаған аймақ. 23 қазан 2020 жыл.

Автоматында крест пен "Армения революциялық федерациясының" бас әріптері жазылған ерікті солдат ұрысқа дайын тұр.

"Армения революциялық федерациясы" - 1890 жылдары армяндар тұратын аудандардың халқын қорғау мақсатында Оттоман империясында құрған ұлтшыл саяси партия.

Аветарноц ауылындағы басқа бір ерікті қарулы жасақтың мүшесі. 25 қазан 2020 жыл.

Таулы Қарабақтың ең ірі қаласы – Степанакерттен 14 километр жердегі Аветарноц ауылының босаған көшесімен кетіп бара жатқан әскери адам.

Степанакерттің оңтүстігіндегі белгісіз бір жерде демалып отырған қарулы еріктілер.
Арменияда соғысқа ерікті түрде қатысатындар бұрыннан бар.
 

Аветарноцта жол нұсқап тұрған ерікті солдат.

1890 жылдары бейбіт армяндарды қорғап, Оттоман билігіне қарсы тұру үшін құрылған еріктілер батальоны "Фидаи" деп аталған. Бұл араб тілінен аударғанда "құрбан" деген мағына береді.

Степанакерттің оңтүстігіндегі ауылда демалып отырған қарулы армяндар.

Қақтығыс басталардан аз уақыт бұрын, 2020 жылы тамызда депутат Сасун Микаэлян Армения армиясына қолдау көрсету үшін еріктілердің ресми әскери топтарын құру керегін айтқан. "Оның себебі – Арменияны дұшпандар қоршап тұр" деген ол.

 

Қарт этникалық армян Аветарноцта, дуалға сүйеп қойған қаруының қасында отыр.

Осы жолғы соғыста кейбір армяндар 1994 жылы Таулы Қарабақта болған шайқастан бері үйінде сақтаған қаруын қайтадан қолына алды.

Степанакерттің оңтүстігінде кетіп бара жатқан ерікті солдат.

Қазанның басында бір ерікті солдат AFP-ге "Біз кішкентай ұлтпыз, бізге жеңуден басқа жол жоқ. Сондықтан барлығымыз соғысқа қатысуымыз керек" деген.

Әзербайжан әскері Армения күштерін зеңбіректен атқылап жатыр. Таулы Қарабақ, 20 қазан 2020 жыл.

Әзербайжан күштері бақылау орнатқан Жебраил қаласында соғыстан қираған көліктің қасынан өтіп бара жатқан әзербайжан сарбазы. Таулы Қарабақ, 16 қазан 2020 жыл.

Әзербайжан күштері бақылау орнатқан Жебраил қаласындағы ғимараттың үстіне Әзбербайжан туын іліп жатқан сарбаз. Таулы Қарабақ, 16 қазан 2020 жыл.