Полиция қамаған борышкерлер
21 мамырда "ипотекаға үй алып, оның қарызын қайтара алмай жүрміз" деген жүздеген адам Астанаға жиналған еді. Олар үкімет және парламенттің қабылдауына кіріп, биліктен қарыздарын жабуды сұрамақ болған. Шеруге келген адамдар ертеңінде таңертең жалдаған коттедждерінен шығуға есік алдындағы полицейлерден қорқып тұр. Астана, 22 мамыр 2013 жыл.
Борышкерлер үкімет үйіне бара жатыр. Астана, 22 мамыр 2013 жыл.
Борышкерлердің алдынан полиция қызметкері шығып, жұрттың тарауын талап етті. Астана, 22 мамыр 2013 жыл. Астана, 22 мамыр 2013 жыл.
Полицей жағдайды басшыларына телефонмен баяндап тұр. Астана, 22 мамыр 2013 жыл.
Іле-шала екі автобусқа мінген полицейлер келді. Астана, 22 мамыр 2013 жыл.
Полицейлер жұртты қуалай бастады. Астана, 22 мамыр 2013 жыл.
Полицейлерден қашқан адамдар. Астана, 22 мамыр 2013 жыл.
Полицейлер қашқан адамдарды ұстап, автобусқа тасып жатыр. Астана, 22 мамыр 2013 жыл.
Борышкерлер біразын полиция көлікке күштеп мінгізген соң бір жерге жиналып алып, президент Назарбаевтан көмек сұрап айғайлады. Астана, 22 мамыр 2013 жыл.
Полиция борышкерлердің қалғанын да ұстай бастады. Астана, 22 мамыр 2013 жыл.
Полиция ол адамдарды да көлікке күштеп мінгізді. Астана, 22 мамыр 2013 жыл.
Автобусқа күштеп мінгізілген борышкерлер. Астана, 22 мамыр 2013 жыл.
Автобусқа күштеп мінгізілген борышкерлер. Астана, 22 мамыр 2013 жыл.