Күреуге кететін Щебсклад ауылы
Your browser doesn’t support HTML5
Астана қаласының құрамына кірген Щебсклад саяжай ауылы толығымен күреліп тасталмақ. Астана қаласы кеңейіп, бұл жерде теміржол вокзалы мен жаңа ықшамаудан салына бастады. Алайда Щебсклад ауылының тұрғындарына өтемақы беру мәселесі шешілмеген. Астана қаласының әкімдігінен бұл жайында түсінік алу мүмкін болмады. Тұрғындар "мәселені келіссөз арқылы шешкіміз келеді" дейді.