Өзбекстан қазақтарының ауызашары
Ташкенттен 30 километр жердегі Янгибазарда тұратын Айбек пен Ләтифаттың үйіндегі ауызашарға басқа ауылдағы туыстары да келді. Бұл ауылдың халқы негізінен жеміс-жидек пен көкөніс егіп, Ташкент базарына апарады.
Ораза біткен соң басталатын үш күндік айт мейрамы Өзбекстанда биыл 6 шілдеде басталады.
Айбек пен Ләтифаттың ұлы.
Ләтифаттың жақыны Анар.
Ләтифаттың туыстарының бірінің баласы.
Ақсақалдар құран оқып отыр.
Ләтифаттың анасы Райхан апай.
Айбектің келіні Айгүл жас балаларға бас-көз болып жүр.
Өзбекстанда кешке аула мен көшеге су себеді. Су шашып жүрген ұялшақ Гүлжамал жасы 14-те екенін, қазақ мектебінде оқығанын, енді күзде өзбек колледжіне баратынын айтады.
Су сеуіп жүрген балалардың енді бірі суретке түскісі келмеді. Ол интернетте сурет жариялау жақсы емес дейді. Өзбек оқушыларына "интернеттің зияны" туралы көп айтады, телеарналардан ол туралы жағымсыз сюжеттер көрсетеді. Ел билігі интернетті бақылағаннан гөрі оған тыйым салған оңай деп білетін сияқты.
Бұл - қазақ мәдени орталығының Янгибазардағы бөлімшесінің басшысы Әзиза Дүйсенованың үйі. Ол халық әндерін білетін әйелдерді қонаққа шақырған. Бұл үйге Райхан апай, Жібек апай, Тасбибі апай мен Гүлсара апай келді.
Қазір мұндай ән айтушылар сирек. Өзбектерде ораза кезінде көбіне ұлдар ән айтады. Бұрын қазақ ауылдарында әйелдер ән салған екен. Кейде оларға балалар мен қайындары да қосылған. Қазір бұл ұмытылып бара жатыр.
Әзизаның қонақтары жуықта алғаш рет фольклорлық топ ретінде өнер көрсетпек. Олар сол кезде киетін киімдерін көрсетіп жатыр.
Әзизаның қызы Сәлима (оң жақта) мен көршісінің келіні Жұлдыз.
Әзизаның немересі Нұртай Жібек апайдың кимешегін ұстап тұр.