Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) елде қаңтар айынан бері қамауда отырған шымкенттік бизнесмен Тоқтар Төлешовтің «билікті күшпен басып алуға дайындық жасағаны» туралы мәлімдеді. Сонымен бірге ҰҚК сәуір-мамыр айларында Қазақстанның әр аймағында «жер мәселесі» бойынша өткен қарсылық акцияларына да «Төлешовтің қатысы бар» дейді.
«Жер мәселесі» бойынша қарсылық акцияларынан кейін Атырауда бірнеше белсендінің үстінен «мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірді» деген айыппен қылмыстық іс қозғалғаны мәлім.
Қазақстан үкіметінің ауылшаруашылығы жерін сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзарту жоспарына қарсы митингілердің артында тұрған жасырын ұйымдастырушысы бар ма? Қамаудағы шымкенттік кәсіпкер мен лауазымды шенеуніктердің наразылық акцияларына «тапсырыс бергеніне» қандай негіздер бар?
AzattyqLIVE хабарында қонақта болған саясаткер Әміржан Қосанов осы мәселені талқылады.
Your browser doesn’t support HTML5