Қазақстанда бірнеше қоғамдық белсенді интернеттегі жазбалары үшін «алауыздық қоздырды» деген айыппен қудаланып отыр. Астанада осы аптада белсенді Болатбек Біләловтің ісі бойынша сот басталмақ. Алматыда Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевтың соты өтіп жатыр. Белсенділерге қылмыстық кодекстің «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» туралы 174-бабы бойынша айыптар тағылған.
AzattyqLIVE хабарында «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина қоғамдық белсенділердің үстінен қозғалған қылмыстық істерді талқылады.
Орыс тілінде өткен хабардың видеосын осы жерден көре аласыз.