Маусымның 28-і күні кешке Стамбулдағы Ататүрік әуежайында болған атыс пен жарылыстар салдарынан ресми мәлімет бойынша 41 адам қаза тауып, 200-ден астам адам зардап шеккен.
Түркия президенті Режеп Ердоған ол оқиғаны теракт деп атап, әлем елдерін «террорға қарсы күш біріктіруге» шақырды. Дүниежүзі елдері, солардың арасында Қазақстан да Стамбулдағы шабуылдарды айыптады.
Ататүрік әуежайында болған оқиға - Түркияда 2016 жылдың басынан бергі алтыншы ірі шабуыл. Соңғы жылдары Түркияда терактілер неліктен жиілеп кетті? Билік оларды тоқтатуға неге дәрменсіз? Түрік үкіметінің бұл бағытта жүргізіп отырған саясаты жұрттың көңілінен шыға ма?
AzattyqLIVE бұл сауалдарды журналист Бауыржан Кәріповпен талқылады.
Your browser doesn’t support HTML5