Тарихшылардың мәліметінше, Қазақстанда сталиндік репрессия жылдарында жүз мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, жиырма мыңнан астамы атылған. Кей есеп бойынша, Қазақстандағы лагерлерде бес миллионға тарта совет азаматы азап шеккен.
СССР халық комиссары Николай Ежовтың 1937 жылғы 30 шілдеде шығарған №447 құпия бұйрығы одақ құрамындағы республикаларда репрессия бастауға негіз болды деп саналады. Бұйрықта репрессия науқанын 1937 жылғы 5 тамызда бастап, төрт ай мерзім ішінде аяқтау және Қазақстанда 2500 адамға ату жазасы үкімін орындап, 5000 адамды ұзақ мерзімге түрмеге қамау туралы пәрмен берілген. Бірақ, қуғын-сүргін төрт ай емес 1938 жылдың қарашасына дейін - 15 айға жалғасты. Қазіргі тарихшылардың дерегі бойынша, Қазақстанда 120 мыңға жуық адам қудаланып, 25 мың адам атылған. Жалпы одақ көлемінде 1 миллион 770 мыңдай адам репрессияға ұшырап, оның 390 мыңы өлім жазасына кесілген.
Совет өкіметі жүргізген саяси репрессия:
Your browser doesn’t support HTML5
"Үлкен террор" аталып кеткен репрессия тарихын қазақстандық тарихшылар қалай зерттеп келеді? Қандай мұрағатттар мен құжаттар әлі ашылған жоқ? Неліктен? Деректер мәселесінде нақты бірізділік бар ма? Репрессияға ұшыраған азаматтардың бір-бірін көрсету, әшкерелеу фактілері болды ма? Ондай жайттар жариялануы қажет пе? Репрессия тарихын зерттеу ісінде ендігі бағыт қалай болуы қажет? Осы және өзге де сауалдарға сол кезеңді зерттеушілердің бірі, тарихшы, профессор Хангелді Әбжанов жауап берді.