Қазақстанда 20 наурызда парламент мәжілісі және жергілікті мәслихаттар сайлауы өтті. Оның ресми қорытындысы бойынша, мәжіліске билікті қолдайтын үш ұйым – «Нұр Отан», «Ақ жол» мен Қазақстан коммунистік халықтық партиясы өкілдері сайланды. Сайлауға қатысқан өзге үш партия – «Бірлік», «Ауыл» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия парламентке өтпеді. Жаңадан сайланған жергілікті мәслихаттарда депутат мандатын иеленгендер арасында да билікшіл партиялар өкілдері басым.
Your browser doesn’t support HTML5
Парламентке сайланған және өте алмаған саяси партиялардың қазіргі жағдайы, олардың ішкі құрылымдары мен атқарған жұмыстары қандай? Партия басшылықтарындағы ауыс-түйістер қалай орындалып жүр? Депутаттық мандат иеленетін тізім қалай жасалады? Партиялар қаражаты қайдан құралады? Қатардағы партия мүшелері өз лидерлерін анықтауға қатыса ала ма?
AzattyqLIVE саясаттанушы Гүлшат Нұрымбетовамен Қазақстандағы саяси партиялардың бүгінгі жүйесі мен болашағын талқылады.
Your browser doesn’t support HTML5