Таулы Қарабақтағы кейінгі қақтығыста Армения күштерінің бақылауындағы жерлерін қайтарып алған Әзербайжан 10 желтоқсан күні әскери парад өткізді. Оған алты апталық қақтығыста Әзербайжанға қолдау көрсеткен Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған да қатысты.
Парадқа үш мыңнан астам сарбаз, 150 әскери техника жұмылдырылды. Олар Баку көшелерімен жүріп өтті. Ұшақтар әуеден Әзербайжан туын бейнелесе, әскери кемелер Баку айлағы төңірегіндегі маневрлар жасады.
Баку орталығындағы Азаттық алаңында өткен парадқа Түркия сарбаздары да қатысты.
Әзербайжан әскерінің подполковнигі Елмар Хусейн – 1990-жылдардағы Таулы Қарабақ соғысының ардагері. Ол 27 қыркүйек пен 9 қараша аралығында өткен кейінгі қақтығысқа да қатысты.
Ердоған мінген көлік Баку көшесінде. Әзербайжан мен Арменияның кейінгі қақтығысында Түркия үлкен рөл атқарды деген пікір басым.
Сарбаздар екі ел басшысының алдында саппен жүріп барады.
Калашников пулеметімен және танкіге қарсы "Шершень" беларустық зымыранымен жабдықталған түркиялық "Кобра" бронетранспортері. Парадта Әзербайжанның кейінгі жылдары сатып алған техникаларының басым бөлігі көрсетілді.
Кеудесі медальға толы Әзербайжан сарбаздары. Қақтығыс кезінде екі жақтан да мыңдаған әскери мен бейбіт тұрғын қаза тапты.
Ресейлік "Оса" зениттік-зымырандық кешені. Ресей көптеген жыл бойы әскери қаруын Әзербайжанға да, Арменияға да сатып келді.
Израиль шығарған Hermes-900 әскери дроны. Мамандар Әзербайжанның қақтығыста әскери дронды пайдалануы шешуші рөл атқарды.
Үстіне әскери дрон орнатылған бронетранспортер.
Парадта Әзербайжан күштері қолға түсірген Армения техникалары да көрсетілді.
Парадтың көрермендері.
Қақтығыс Ресейдің араағайындығымен қараша айында аяқталды. Келісім бойынша Әзербайжан осыған дейін Армения бақылауында болып келген жеті ауданын және Таулы Қарабақ жерінің бір бөлігін өз бақылауына алды, Армения жерінен Нахичеван анклавына жол ашатын дәліз беріледі. Әзербайжандықтар мұны жеңіске балап, әскери парадты сол үшін өткізіп отыр.
"Пион" (2С7) өздiгiнен жүретiн артиллериялық қондырғысы.
Әзербайжан жақтан да, Армения жақтан да елдімекендер артиллериялық шабуылға ұшырады. Салдарынан көптеген адам қаза тапты.
Парадта жүк көлігі "Қарабақ Әзербайжандыкі" деген жазуды алып өтті.
Үшжақты келісімге сәйкес, Таулы Қарабақтың бір бөлігі, соның ішінде ірі қаласы Степанакерт Армения бақылауында қалады. Таулы Қарабақ халықаралық деңгейде Әзербайжан жері саналады, бірақ жергілікті халықтың басым бөлігін құрайтын этникалық армяндар Әзербайжан билігін мойындамайды.
Әзербайжан жалаушасын ұстаған тұрғындар.
Бітім 1990 жылдары қоныс аударуға мәжбүр болған әзербайжандықтарға үйіне оралуға мүмкіндік берді. Бірақ есесіне ол жерден қазір этникалық армяндар көшіп жатыр.
Әскери ұшақтар әуеден Әзербайжан туын бейнеледі.