Құлаған спортшы, қауіпті секіру элементі. Фристайл акробатикадан сынға түскен қазақстандықтар
Қазақстандық 26 жастағы Ақмаржан Қалмұрзаева Пекин олимпиадасының іріктеуінде қиын элементтердің бірін орындап, құламай 98,68 ұпаймен финалға шықты. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл.
Қазақстандық акробатшылар осыған дейін жарыстарда 98,68 ұпай алмаған. Демек, Ақмаржанның ұпайы - Қазақстан рекорды. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл.
Шымкент қаласында туған Ақмаржан Қалмұрзаева финалға шыққан 12 спортшының қатарына енгеніне қуанып тұр. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл.
Ақмаржанның финалдағы секірген сәті. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл.
Бірақ финалда Ақмаржан трамплиннен секіріп, жерге қонған кезде құлап, төмен ұпай алып қалды. Оның олимпиададағы нәтижесі - 11-орын. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл.
Тағы бір қазақстандық 26 жастағы Жанбота Алдабергенова іріктеу кезеңінде 80 ұпай алған. Бірақ бұл финалға шығуға жетпеді. Жанбота Пекин олимпиадасында 13-орынмен шектелді. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл.
Жанбота Алдабергенова осымен үшінші олимпиадасына қатысты. 2014 жылы Сочи олимпиадасында финалға шығып, 6-орыннан көрінген еді. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл.
Ерлер арасындағы фристайл акробатика сынына қатысқан қазақстандық 18 жастағы Шерзод Қашырбаев іріктеу кезеңінде қажетті ұпайды жинай алмай, финалсыз қалды. Пекин, 15 ақпан 2022 жыл.
Шерзод іріктеу кезеңінде құлап, финалға шыққан 12 спортшының қатарына енбеді. Нәтижесі - 19 орын. Қазақстандық фристайл акробатшылар елде жаттығуға қажетті база, трамплин жоғын, негізгі жаттығуларын шетелде өткізетінін айтады.
Әйелдер арасында фристайл акробатикадан алтынды қытайлық 31 жастағы Сюй Мэнтао иеленді. Мэнтао 108,61 ұпай жинады. Ол 2014 жылы Сочи олимпиадасында күміс медаль алған еді.
Күмісті беларусь спортшысы Анна Гуськова иеленді. Ол 2018 жылы Пхенчхан олимпиадасында чемпион атанған еді.
Қола медальды америкалық 25 жастағы Мэган Ник еншіледі. Ерлер арасындағы финал 17 ақпанда өтеді.