Березовкалық оқушы талып қалды
Your browser doesn’t support HTML5
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласындағы орталық аудандық ауруханада 14 жастағы Альбина Ысқақова дәрігерлердің көз алдында талып қалды. Облыстың Бөрілі ауданы Березовка ауылынан келген жасөспірім жеті айдан бері ауырады. Ол - 2014 жылы қарашада ауылда уланған жиырма шақты оқушының бірі. Березовка тұрғындары жаппай улану себебін ауыл іргесінен бес километр жерде орналасқан, мұнай-газ конденсатын өндіретін Қарашығанақ кенішінен тараған улы заттармен байланыстырады. Бірақ кенішті өндіруші Karachaganak Petroleum Operating B.V. консорциумы бұл оқиғаға ол мекеменің қатысы жоғын, кеніштен бөлінген газ қалдықтары деңгейі экологиялық нормадан аспағанын мәлімдеген. Батыс Қазақстан облысы, 4 маусым 2015 жыл.