Қырғызстан президенті Атамбаевтың Өзбекстанға сапары
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев әйелі Раиса Атамбаевамен бірге Өзбекстанға келді. Ташкент, 5 қазан 2017 жыл.
Қырғызстан басшысын Ташкент әуежайында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен оның зайыбы Зироатхон Хошимова қарсы алды.
Алмазбек Атамбаев пен Шавкат Мирзияев амандасып тұр.
Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері және олардың жұбайлары салтанатты қарауыл қойылып, қызыл кілем төселген Ташкент әуежайының ұшу алаңымен келе жатыр.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Өзбекстанға екі күндік сапары кезінде көрші екі мемлекеттің басшылары қырғыз-өзбек қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.
Ташкенттегі "Тәуелсіздік және гуманизм" ескерткішіне гүл қою рәсімі.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев "Тәуелсіздік және гуманизм" ескерткішіне гүл қойып жатыр. Ташкент, 5 қазан 2017 жыл.
Алмазбек Атамбаев Ташкенттегі "Тәуелсіздік және гуманизм" ескерткіші алдында.
Қырғызстан мен Өзбекстан лидерлері Ташкенттегі өзбекстандық өнеркәсіп өнімдеріне арналған көрмеде.
Көрмеге өзбекстандық жеңіл өнеркәсіп саласының бұйымдары да қойылған.
Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері көрмеге қойылған ауыл шаруашылығы техникаларымен танысып жүр.
Өзбекстан президенті қырғызстандық әріптесіне ауыл шаруашылығы өнімдерін таныстырып тұр.
2 қазанда президент Атамбаев Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара туралы 2017 жылғы 5 қыркүйекте Бішкекте қол қойылған келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойған. Үкімет ақпараты бойынша, 1378 шақырымдық жалпы шекараның 1170 километріне (85 пайыз) қатысты келісім жасалған. Қалған 208 шақырым (15 пайыз) жыл соңына дейін нақтылануы мүмкін деп хабарланды.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (ортада) пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев сап түзеген салтанатты қарауыл жанынан өтіп барады.
Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері кездесіп отыр. Ташкент, 5 қазан 2017 жыл.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (сол жақта) пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қол алысып тұр.