Ашғабат елдегі мұсылмандардың "дәстүрлі исламнан" ауытқымауын қатаң бақылайды. Ал сарапшылар "әсіредіншілдіктен қауіптенген биліктің әрекеті радикализмді күшейтуі мүмкін" дейді.
Орталық Азия елдерінде үкімет үшін өзекті мәселелердің бірі - әсіредіншілдіктің алдын алу. Бұл жағынан кейбір көршілері сияқты Түркіменстан да қатаң саясат ұстанады. Бірақ мұндай шаралардың нәтижесі қандай болуы мүмкін? Азаттық тілшілері осы сұраққа жауап іздеді.
ШЕТТЕН КЕЛГЕН ЗАТТАРДЫ ТӘРКІЛЕУ
Түркіменстанда діни көзқарасы үшін үкімет тарапынан қысым көргенін айтуға батылы жететіндер көп емес. Есімін ғана айтқан Мердан екі жыл бұрын магистр дәрежесін алу үшін Сауд Арабиясына оқуға кеткенде отбасының қысым көргенін баяндап берді.
– Мен Түркіменстаннан шыққан бетте билік өкілдері әкеме келіп, «ұлыңызды қайтарыңыз» деген талап қойған. Туыстарымды тергеген, – дейді ол.
Азаттықтың Түркімен қызметіне сұхбат берген жігіт БҰҰ-дан эмигрант мәртебесін алуды көздеп жүргенін, еліне оралмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, 2009 жылы Сауд Арабиясынан оқып келген ағасы түрмеге қамалған.
Мерданның
басынан өткерген оқиғалары мен ағасының сотталғанын тәуелсіз дереккөздер растай алмады. Бірақ шетелге барып қайтқан өзге азаматтар да әртүрлі келеңсіздіктерге тап болғанын айтады.
Фамилиясын атағысы келмеген Майса түркімен құрбысының былтыр жазда Түркиядан денесін толық жабатын ұзын көйлек алып келгенін айтады.
– Түркіменстанға келгенде әуежайда оның жүктерін тексерген. Түркияда әйелдер ұзын жең, етегі де ұзын көйлек киеді. Құрбым да сондай көйлектерді алып келгенін көрген кеден қызметкерлері «Мынау не? Бұл кімдікі? Оны неге әкелдің?» деп айғайлапты. Құрбым қорқып кетіп, «анама сол жақтағы достарының берген сыйы» деп ақталыпты, - дейді Майса.
Дін бостандығы ахуалын бақылайтын норвегиялық «Форум 18» ұйымы шетелден оралған түркіменстандық саяхатшылардың заттарын тәркілеу туралы деректердің бар екенін растайды. Әзербайжаннан оралған кей адамдардан діни жазбаларды, Ираннан келген адамдардан жайнамазды тәркіленгені туралы деректер келтіреді.
«Түркімен үкіметі осындай қатаң әдістермен дәстүрлі мұсылмандықты исламның радикалдық бағыттарынан қорғағысы келеді» деп түсіндіретіндер бар.
2012 жылғы АҚШ мемлекеттік департаментінің халықаралық діни бостандық туралы баяндамасында Түркіменстан туралы «Қатыгездікті насихаттайтын экстремистік топтарға ресми түрде тыйым салады, ислам дінін қатаң ұстану қажеттігін түсіндіретін топтарды «экстремистер» қатарына жатқызады» деп жазылған.
«ДІНИ РАДИКАЛИЗМГЕ ӘКЕП СОҒУЫ МҮМКІН»
Түркіменстанның осы кезге дейін Орталық Азиядағы әсіредіншілдерден жапа шекпеген ел саналуына оқшаулану стратегиясының да ықпалы бар. Бірақ бақылаушылар «шектен тыс жазалаудың соңы наразылыққа ұласып, болашақта радикализмнің
жайылуы да ғажап емес» деген болжам айтады.
– Егер мемлекет қоғамға шынымен де қауіпті адамдарды бөлек қарастырмай, барлығын бірдей қаралап, әсіредіншілдер мен бейбіт дін ұстанушыларды қатар қойса, мұның соңы олардың күш біріктіріп, мемлекетке қарсы тұруына соқтыруы мүмкін, - дейді «Форум 18» ұйымының өкілі Феликс Корли.
Кейбір жас мұсылмандардың арасында «мешітте немесе үйде ғана құлшылық жасауға болады» деген елдегі діни заңға мойынсұнбайтындары да кездеседі.
Азаттықтың Түркіменстандағы тілшісі жатақхананың бір бөлмесінде құпия кездесіп, құлшылық жасайтын студенттердің шағын тобын жолықтырды. Олардың айтуынша, «бөлмені құлшылық орнына айналдырар алдында барлық жерде ілініп тұратын президент Гурбангулы Бердімұхаммедовтің суреті оларға
басты кедергі болған». Суреттің алдында ғибадат жасау – дінге қайшы, ал оны алып тастайын десе, «президентті қорладың» деген айып тағылатын болған соң олар портретті матамен жауып қойған.
Ашғабаттың әсіредіншілдерден сақтануы табиғи байлыққа қарамастан, қарапайым жұрты кедей тұратын Түркіменстанда дінге мойынсынғандардың көбейгенін байқатады.
Қалалар мен ауылдардағы мешіттер Түркіменстан тәуелсіздік алғаннан бері бұлай толып көрмеген шығар. Ашғабаттағы «Ертоғрұл» мешітіне жұма намазына жиналатындардың көптігі сондай, айналадағы көшені полиция қызметкерлері көлік жібермей қоршап тұрады.
МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАЙТЫН ДІНИ БАҒЫТ
Үкімет ірі қалалар мен елді мекендердегі жаңа мешіттерді қаржыландырып, діншілдіктің артуына жағдай жасайды. Бірақ билік сопы әулиелердің ықпалымен қалыптасқан көшпенді халыққа тән сүнниттік бағыттағы дәстүрлі исламды ұстауға ғана рұқсат етеді. Дәстүрлі түркімендік ислам ұстанымы Орталық Азиядағы ең "жұмсақ" бағыттардың бірі саналады.
Азаматтардың таңдауын шектеудің тағы бір көрінісі – үкімет баспасөзде тек мемлекеттік тіркеуден өткен діни топтардың жариялануына рұқсат етеді. АҚШ мемлекеттік департаментінің діни сенім бостандығы туралы баяндамасында ол топтардың өзі «сирек рұқсат алатыны» айтылған. Ашғабаттан жыл сайын қажылыққа баратын тұрғындар саны 188 адам ғана. Мұнша адам бір шағын
ұшаққа да сыйып кетер еді. «Форум 18» ұйымының дерегі бойынша, бір үлкен мешіттің имамы «үкіметтен қажылыққа барушылар санын арттыруды өтінген діни жетекші туралы ешқашан естімегенін» айтқан.
Түркіменстан билігі 2011 жылы түркиялық теолог Фетхуллах Гүленнің көзқарастарына сүйенетін оқу орындарын жапты. Сүннит бағытын ұстанатын Гүлен қазір Америкада тұрады. Ол діндер арасындағы төзімділік пен байланысты уағыздайды. Түркия мемлекеті оны «зайырлы елді исламдық елге айналдырғысы келеді» деп айыптаған еді. Бірақ түрік соты 2006 жылы Гүленді ақтап шықты.
Түркіменстан шенеуніктері мектептерді жабу себебін ресми түрде түсіндірмеді. Бірақ «гүленшіл» оқытушыларды қуып шыққан соң үкімет аталған оқу орындарын қайтадан ашып, түркімен мұғалімдері әдеттегі мектептегідей сабақ бере бастады.
Қазір Түркіменстан мұсылмандары діни мәселелерді интернетте талқылауға көшкен. Осылайша олар билік бақылауынан құтылғысы келеді. Ресейлік «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде түркімендік исламға қатысты үш сайт бар. Оларда әйел адамның қоғамдағы рөлі, хиджаб мәселесі, жиһадтың мәні сияқты түркімен билігінің нұсқаулығында қамтылмаған тақырыптар талқыланады.
Азаттық тілшісі Чарльз Рекнагельдің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.
ШЕТТЕН КЕЛГЕН ЗАТТАРДЫ ТӘРКІЛЕУ
Түркіменстанда діни көзқарасы үшін үкімет тарапынан қысым көргенін айтуға батылы жететіндер көп емес. Есімін ғана айтқан Мердан екі жыл бұрын магистр дәрежесін алу үшін Сауд Арабиясына оқуға кеткенде отбасының қысым көргенін баяндап берді.
– Мен Түркіменстаннан шыққан бетте билік өкілдері әкеме келіп, «ұлыңызды қайтарыңыз» деген талап қойған. Туыстарымды тергеген, – дейді ол.
Азаттықтың Түркімен қызметіне сұхбат берген жігіт БҰҰ-дан эмигрант мәртебесін алуды көздеп жүргенін, еліне оралмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, 2009 жылы Сауд Арабиясынан оқып келген ағасы түрмеге қамалған.
Мерданның
Фамилиясын атағысы келмеген Майса түркімен құрбысының былтыр жазда Түркиядан денесін толық жабатын ұзын көйлек алып келгенін айтады.
– Түркіменстанға келгенде әуежайда оның жүктерін тексерген. Түркияда әйелдер ұзын жең, етегі де ұзын көйлек киеді. Құрбым да сондай көйлектерді алып келгенін көрген кеден қызметкерлері «Мынау не? Бұл кімдікі? Оны неге әкелдің?» деп айғайлапты. Құрбым қорқып кетіп, «анама сол жақтағы достарының берген сыйы» деп ақталыпты, - дейді Майса.
Дін бостандығы ахуалын бақылайтын норвегиялық «Форум 18» ұйымы шетелден оралған түркіменстандық саяхатшылардың заттарын тәркілеу туралы деректердің бар екенін растайды. Әзербайжаннан оралған кей адамдардан діни жазбаларды, Ираннан келген адамдардан жайнамазды тәркіленгені туралы деректер келтіреді.
«Түркімен үкіметі осындай қатаң әдістермен дәстүрлі мұсылмандықты исламның радикалдық бағыттарынан қорғағысы келеді» деп түсіндіретіндер бар.
2012 жылғы АҚШ мемлекеттік департаментінің халықаралық діни бостандық туралы баяндамасында Түркіменстан туралы «Қатыгездікті насихаттайтын экстремистік топтарға ресми түрде тыйым салады, ислам дінін қатаң ұстану қажеттігін түсіндіретін топтарды «экстремистер» қатарына жатқызады» деп жазылған.
«ДІНИ РАДИКАЛИЗМГЕ ӘКЕП СОҒУЫ МҮМКІН»
Түркіменстанның осы кезге дейін Орталық Азиядағы әсіредіншілдерден жапа шекпеген ел саналуына оқшаулану стратегиясының да ықпалы бар. Бірақ бақылаушылар «шектен тыс жазалаудың соңы наразылыққа ұласып, болашақта радикализмнің
– Егер мемлекет қоғамға шынымен де қауіпті адамдарды бөлек қарастырмай, барлығын бірдей қаралап, әсіредіншілдер мен бейбіт дін ұстанушыларды қатар қойса, мұның соңы олардың күш біріктіріп, мемлекетке қарсы тұруына соқтыруы мүмкін, - дейді «Форум 18» ұйымының өкілі Феликс Корли.
Кейбір жас мұсылмандардың арасында «мешітте немесе үйде ғана құлшылық жасауға болады» деген елдегі діни заңға мойынсұнбайтындары да кездеседі.
Азаттықтың Түркіменстандағы тілшісі жатақхананың бір бөлмесінде құпия кездесіп, құлшылық жасайтын студенттердің шағын тобын жолықтырды. Олардың айтуынша, «бөлмені құлшылық орнына айналдырар алдында барлық жерде ілініп тұратын президент Гурбангулы Бердімұхаммедовтің суреті оларға
Егер мемлекет қоғамға шынымен де қауіпті адамдарды бөлек қарастырмай, барлығын бірдей қаралап, әсіредіншілдер мен бейбіт дін ұстанушыларды қатар қойса, мұның соңы олардың күш біріктіріп, мемлекетке қарсы тұруына әкелуі мүмкін.Феликс Корли, «Форум 18» ұйымы