4 желтоқсан - Өзбекстан президенті сайлауы күні туралы жарнама ілінген кафе алдында ас әзірлеп жүрген адам. Ташкент облысы, 27 қараша 2016 жыл.
Өзбекстан президенттігіне кандидаттардың сайлауалды материалдарына қарап тұрған әйел. Ташкент, 21 қараша 2016 жыл.
Ташкенттегі орыс православ шіркеуі алдындағы автобус аялдамасында отырған адамдар. 30 қараша 2016 жыл.
Ташкент облысындағы елді мекенде Өзбекстан президенті сайлауы туралы жарнама ілінген үйдің жанынан өтіп бара жатқан қыз. 27 қараша 2016 жыл.
Желтоқсанның 4-і күні Өзбекстанда президент сайлауы өтетіні туралы көшедегі жарнама. Ташкент, 30 қараша 2016 жыл.
Билікті қолдайтын «Миллий тикланиш» («Ұлттық жаңғыру») партиясынан Өзбекстан президенттігіне кандидат Сарвар Отамурадовтың сайлауалды жарнамасы тұрған жерден өтіп жатқан адамдар. Ташкент облысы, 27 қараша 2016 жыл.
Ташкенттің "Мирабад" базарындағы ет сататын жерде ілінген Өзбекстан президенттігіне кандидаттардың сайлауалды материалдары. 30 қараша 2016 жыл.
Билікті қолдайтын «Адолат» партиясынан Өзбекстан президенттігіне кандидат Нариман Умаровтың жарнамасы. Ташкент, 1 желтоқсан 2016 жыл.
Өзбекстан президенттігіне кандидаттардың сайлау материалдарындағы ақпаратты оқып тұрған адам. Ташкент облысы, 27 қараша 2016 жыл.
392-сайлау учаскесі Ташкенттегі 145-мектеп ғимаратында орналасқан. 30 қараша 2016 жыл.
Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқарушы әрі елдің премьер-министрі, президенттікке кандидат Шавкат Мирзияевке кәсіпкерлер қолдау білдіретіні жазылған сайлау жарнамасы тұрған базар маңы. Ташкент облысы, 27 қараша 2016 жыл.
Ташкент емханаларының біріндегі Өзбекстан президенті сайлауы туралы жарнама. 25 қараша 2016 жыл.
Өзбекстан билігін қолдайтын халықтық-демократиялық партия атынан президенттікке кандидат Хотамжон Кетмоновтың көшеге ілінген жарнамасы. Бұхара қаласы, 6 қараша 2016 жыл.
Өзбекстан президенттігіне кандидат премьер-министр Шавкат Мирзияевке дауыс беруге шақырған жазу ілінген жолаушылар автобусы. Ташкент, 30 қараша 2016 жыл.
Тәуелсіздік (Мустакиллик) алаңындағы үкімет үйі. Оң жақ шеттегі ақ ғимарат - Өзбекстан парламенті сенаты ғимараты. 30 қараша 2016 жыл.
Өзбекстан президенттігіне кандидат Хотамжон Кетмоновтың сайлау кезіндегі жарнамасын алып, орнына Өзбекстан конституциясы күніне (8 желтоқсанда атап өтіледі) арналған жазуды іліп жатқан жұмысшылар. Ташкент, 30 қараша 2016 жыл.
"Халықтар достығы" даңғылы бойындағы кафенің әйнегіне ілінген Өзбекстан президенттігіне кандидаттардың сайлау материалдары. Ташкент, Өзбекстан, 1 желтоқсан 2016 жыл.
Баршаны желтоқсанның 4-і күні өтетін Өзбекстан президенті сайлауына қатысуға шақырған жарнама. Ташкент, 1 желтоқсан 2016 жыл.