Соғыстың кесірінен мектепсіз қалған украиналық оқушылар

Черниговтағы №21 мектепте оқыған оқушылар қазір әуе дабылының, зениттік зымырандарының дауысын жазбай айыра алады. 

"Біздің көргеніміз – трагедия. Көз жасыс таусылды. Мектебімді, достарымды, мұғалімдерімді сағындым. Бастысы жаңа мектебіміз, жаңа мұғалімдеріміз, жаңа достарымыз болады. Өмір жалғасады" дейді 16 жастағы Кристина Игнатова 3 наурызда Ресейдің шабуылына қираған сыныбын қарап.

"Орыстар мектебімді қиратқанын ойласам ашуым келеді" дейді 11 жастағы Иван Губенко. Ол былтыр күзде мектептің осы ауласында достарымен алаңсыз ойнап жүрген еді.  

"Мектебімді бомбалағанда қатты қорықтым. Біз мектепке жақын тұрамыз. Үйіміздің терезесі қирады, анам өлім аузынан қалды. Себебі есік анамды басып қала жаздады, ал маған люстра құлай жаздады" дейді 10 жастағы Карина Музика.

"Жүрегім ауырады, мектебім қирап қалғанына сене алмаймын" дейді 12 жастағы Анна Скибан. 
 

"Соғыстың аяқталғанын қатты қалаймын" дейді 13 жастағы Александр Моргунов. Ол өзінің қираған сыныбында отыр. 
 

"Оқуымды осы мектепте аяқтағым келген. Бұл мектеп менің үйім сияқты еді" дейді 13 жастағы Анастасия Абраменко. 
 

"Мектепті бомбалаған соң мұнда келуге қорқатын едім. Ұзақ уақыт алыстан ғана қарап жүрдім" дейді 14 жастағы София Жур. Оның сыныптасты бомбалаудан қаза тапқан. 

 

12 жастағы София Клишня қираған сыныбында тұр. "Өзім блім алған сыныбымның қирандысында тұру қорқынышты" дейді ол. 
 

"Мектебіме келгенде бұл жерде адамдар қаза болғанын ойлап кетемін" дейді 12 жастағы Михаил Кравченко. Оқушы тұрған жерде бұрын компьютер сыныбы болған еді. 
 

Черниговтегі №21 мектепті жөндеу жоспары жоқ. 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталғанда оқушылар басқа мектептерге бөлістірілді.

Украина бас прокуратурасының есебінше, соғыс басталғалы кемі 379 бала қаза тапқан.
 

223 баланың қайда екені белгісіз. 

1 қыркүйекте Украинаның Чернигов қаласындағы оқушылар қираған мектептеріне келді. Наурызда бұл мектеп Ресейдің шабуылынан қираған еді. Оқушылардың сөзінше, бұл мектепте оқыған екі бала сол кезде қаза тапқан.