Краншы қазасынан соң жұмысшылар қауіпсіздік мәселесін қайта көтерді
Your browser doesn’t support HTML5
Нұр-Сұлтанда 18 ақпан күні биік кран ортасынан бөлініп, оны басқарып отырған оператор қаза тапты. Оқиғаның себебін анықтау үшін қылмыстық іс қозғалған, комиссия құрылған. Бұл жұмыстың адам өміріне аса қауіпті екенін айтып жүрген краншылар құрылыс техникаларын түгел тексеруді талап етеді.