Ресей аннексиялаған Қырым бүгіннен бастап рубльді қолданады.
Қырым банкінің төрағасы Николай Барилюктің сөзінше, Қырым Ресей ақшасына біртіндеп көшеді - 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін рубльмен де, гривнамен де сауда жасауға болады. Оның айтуынша, түбекте айлық, зейнетақы мен стипендия әлден-ақ рубльмен төленіп, Ресей валютасы біртіндеп Украин гривнасын ығыстырып шығарады.
Мәскеу аймақтағы қаржылық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қырымға жуықта 1 миллиард рубль бөлетінін айтты.
РИА Новости тілшісінің мәліметінше, Қырымда гривна тапшы бола бастаған. Көптеген коммерциялық банктер есепшоттан немене банк картасынан күніне 300-500 гривнадан артық қолма-қол ақша бермеу жайлы шектеу қойған. Көптеген украиналық банктер филиалдарында жұрт кезекте тұр. Жергілікті билік Украина салымшылар есепшоттарын жауып тастаса, украиналық мүліктерді сатып, соның ақшасымен шығынды өтейтінін айтады.
Украина қарамағында болған Қырым автономиялы республикасында 16 наурызда референдум өтіп, «халықтың 93 пайызы автономиялы республиканың Украинадан бөлініп, Ресейге қосылуын жақтаған» еді.
Киев «Қырым – Украина территориясы» екенін айтып, онда өткен референдум нәтижесін мойындамаған.
АҚШ пен Еуропа Одағы да Қырымдағы референдум Украина конституциясы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келетінін, бұл шара Ресей әскерилерінің қысымы мен қорқытуы арқылы өткенін ескертіп, оны мойындамайтындарын мәлімдеген.
АҚШ өткен аптада Қырымдағы жағдайға байланысты Ресей президенті Путинге жақын адамдардың біразына санкция салу туралы шешім шығарды.
– Ресейдің Украинаға жасаған интервенциясына жауап ретінде мен қол қойған жарлыққа сәйкес біз Ресей өкіметіндегі жоғары лауазымды тұлғалардың тағы біразына санкция салдық. Бұған қоса бүгін біз көп ресурсы және ықпалы бар, Ресей басшылығына материалдық тұрғыдан көмек көрсететін адамдарға және соларға материалдық тұрғыдан көмек көрсететін банкке санкция белгіледік, – деді АҚШ президенті Барак Обама.
Обама әкімшілігі бұдан да қатаң жазалау шараларының қолға алынып жатқанын хабарлады.
Сарапшылардың сөзінше, АҚШ-тың бұл шектеуі санкцияға іліккен ресейліктердің бизнес жүргізуіне көп кедергі болмақ.