«Папоу, мені атып тастады». Қызылордалық 25 жастағы жігіттің қазасы
Your browser doesn’t support HTML5
Қаңтардағы дүрбелең кезінде Қызылордада Асанбаевтар әулеті қара жамылды. Үйдің 25 жастағы кенже баласы алаңға барып, оққа ұшты. Жігіттің артында аяғы ауыр жары мен екі баласы қалды. Асанбаевтар ұлының қазасын оқ атуға бұйрық берген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көреді.