Донецкіде Трапезниковті қысқаша "бірінші орынбасар" деп атайды, ол "министрлер кеңесінде" де, "республика басшысының әкімшілігінде" де Захарченконың орынбасары болып үлгерген. Трапезников күн сайын әскери формамен жүрсе де, еш жерде соғыспаған, азаматтық мансап қуған. "Ұлттық кеңес" отырысында Трапезниковті "жергілікті парламентке" таныстырды. "Республиканың" жаңа басшысы мен спик"ер Денис Пушилин жедел брифинг өткізді.
Захарченконың орнын Денис Пушилин баспағаны ешкімді таң қалдырмайды.
Захарченконың орнын заңнамалық биліктің номиналды басшысы Пушилин баспағаны ешкімді таң қалдырмайды. Пушилин соңғы бір жарым жылда ықпалын күрт жоғалтты, "Донецк республикасы" қоғамдық ұйымының төрағасы лауазымынан кетті, "парламенттен" оның депутаттарын шығарып, олардың орнына Захарченконың күзетшілерін қойды. Пушилиннің тәтесі – Елена Никитинаны "ақпарат министрі" қызметінен алды. Әскери бөлімшеге Пушилин бұрыннан ықпал етпейтін.
Донецк қазір блокадада тұр: қалаға кірер, шығар тұстардың бәрінде, орталық аудандарда барлық ер адамдардың төлқұжатын тексеріп жатыр. Мотельде, Донецк пен Макеевка шекарасында тексеріліп жатқан көлік пен автобустар тізіліп, жолды жауып тұр, Горловка, Харцызск, Макеевкада тексерістер жүріп жатыр.
Успенка мен Новоазовск (Ресеймен шекаралас тұсы) жабық, түйісу тұсындағы блокпосттар тек Донецкіге кіргізеді, украиналық Константиновка мен Волноваха темір жол станцияларына қарай жүру мүмкін емес.
Захарченко өлген соң "ДХР" коменданттық сағатқа оралды. Футбол чемпионаты кезінде Захарченконың бұйрығымен коменданттық сағат тәртібі түнгі сағат бірден таңғы беске дейін болса, тамыздың 31-інен бастап 23:00-ден басталатын болды.
Адамдар әдеттегідей қараңғы түскен соң үйлерінен шықпайды. Күзетшілер бәрін тоқтатып, құжаттарын тексереді, көшеде не істеп жүргендерін сұрайды. Донецк қана емес, майдан шебіндегі Горловкада да сондай жағдай орнаған. Шекараны жауып, қала ішінде ер адамдарды тұтас тексеру шарасы бірнеше "украиналық диверсиялық-барлау тобын" ұстаумен түсіндіреді.
Түнде Захарченко опат болған жерде жергілікті ІІС сарапшылар тобы жұмыс істеді, өз-өзін жариялап алған "республиканың" "денсаулық сақтау министрлігі" құрбандар саны көп, балалар опат болды деген ақпаратты терістеді. Жарылыстан екі адам – Захарченко мен оның күзетшісі өліп, 11 адам жараланған, оның бесеуі ауруханаға түскен, ауыр жараланғандар жоқ. "Салық және алым министрі" Александр Тимофеев (лақап аты - "Ташкент") контузия алған. "Ташкент" әркез Захарченконың қасында жүретін, Донецк экономикасын реттейтін басты тұлға болатын.
Тергеу ісі жарылғыш заттың жарық беру құралдарының аузына қойылғанын анықтаған. Олардың көлемі шағын болған, Захарченко жақындаған кезде телефон қоңырауының көмегімен жарылыс жасалған. Захарченкоға шабуыл жасалған "Сепар" кафесі адам көп жиналатын жер, Донецк қаласының қақ ортасы, серуен алаңы. Бұл жерде суретшілер галереясы, мектеп, ЕҚЫҰ мен БҰҰ миссиясы мүшелерінің штаб-пәтері және Захарченконың "Алтай кеңсесі", "министрлер" отыратын "Пушкинский" кеңсе орталығы орналасқан, қаладағы ең мықты қорғалатын жер.
Өз іштеріндегі адамдарсыз жарық бергішке жарылғыш затты салу, "ДХР" басшысының келетін уақытын дәл білу мүмкін болмас еді.
Кафеде небәрі сегіз үстел бар, оның иелері – Захарченконың бұрынғы күзетшілері, қазір "Халық кеңесі" депутаттары. Қаза тапқан жетекші жергілікті "парламентке" "халық депутаттарын" өзі сайлайтын. Бұл жерде депутаттарды тағайындайды және екі рұқсат етілген қоғамдық ұйымның шешімімен қалауынша өзгертеді.
"Донецк республикасы" фракциясын Захарченконың бұрынғы күзетшісі Александр Костенко басқарады. "Сепар" кафесі солардың бәрі жиналатын өз жерлері еді. Өз іштеріндегі адамдарсыз жарық бергішке жарылғыш затты салу, "ДХР" басшысының келетін уақытын дәл білу мүмкін болмас еді.
ТРАПЕЗНИКОВ ДЕГЕН КІМ?
Қаза тапқан Захарченконың орнын басқан Дмитрий Трапезниковты Донецкіде ұнатпайтындар "Ахметовтің адамы" деп атайды. Бірақ олардың арасында елеулі байланыс болуы екіталай – карьерасын бастаған кезде Трапезников "Шахтер" футбол командасы фан-клубының штаттағы ұйымдастырушысы болған.
"Ол бізде көп жұмыс істеген жоқ", - деді Азаттық радиосына клуб басшылығындағы дереккөз. "Трапезников джип сатып алып, онымен жұмысқа келгенде іс-әрекетін тексеріп, жұмыстан шығарды. Ол 2004 жыл болатын".
Фан-клуб 8 мың адамға билет пен көлік беретін. Автобустарды Трапезников жалдайтын.
"Донбасс Арена" салынғанға дейін "Шахтердің" жанкүйерлерін "Олимпийский" стадионына автобуспен тегін апаратын. Фан-клуб 8 мың адамға билет пен көлік беретін. Автобустарды Трапезников жалдайтын. Кейін ол Донецк ат клубының негізін қалаушы, қалалық кеңес депутаты Юрий Чертковтың құрылымында істеген. 2014 жылы Донецкінің Петровский аудандық әкімшілігінде шенеунік болған.
Александр Захарченко аппараттық жұмыстың не екенін жақсы білмейтін. Ол көтерген адамдар арасында "ДХР" әкімшілік басшысы болған Максим Лещенко болды, ол Харцызскіде Ринат Ахметовтің кәсіпорындарының бірінде менеджер болып істеген. Трапезников ол кезде алдымен Тельман ауданын басқарды, кейін вице-премьер болған.
"Лещенко мен Трапезников бәсекелес болды, ал Захар әзілдеп, оларды бір-біріне қарсы қойды. Сосын Трапезниковке: "Істі еркектерше шешсеңдерші!" деді. Сөйтсек, екеуі де қару қолдана алмайды екен", - дейді әкімшілік басшысы мен вице-премьер арасындағы қақтығыс туралы қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы төрағасы Александр Ходаковский.
2016 жылы мамырдың 12-сі күні шенеуніктер сөзге келіп, Трапезников Лещенконы тапашнамен санынан атқан. Бұдан соң Лещенко өз-өзін "республика" деп жариялап алған Донецк билігінен кетіп, Трапезниковтің мансабы өскен. Соңғы жылдары Трапезников әркез Захарченконың қасында болды, сыбыс бойынша, Александр Тимофеев – "Ташкенттің" ықпалына қарсы соғысқан. Бірақ жұма күні Захарченконы өлтіргенде Трапезников оның қасында болмаған.
"МЕКТЕПТЕГІ" БІТІМ
Александр Захарченко өлгенге дейін, шілдеден бастап бағынбайтын "Ішкі істер министрлігі" мен қарулы бөлімшелер армиясын тазалау жұмыстары жүрді. "ДХР"-де оны Мәскеудің бұйрығымен жасалып жатыр десті.
РМКҚ ең ықпалды күш құрылымының бірі еді, оған Захарченконың жеке күзеті кіретін.
Бұдан соң Захарченко "Республикалық мемлекеттік күзет қызметін" (РМКҚ) тарату туралы бұйрық беріп, кейін "салық пен алым министрлігі" және "көлік министрлігі" мен басқа да осыған ұқсас құрылымдардың арнайы әскери қызметін таратуға бұйырған.
РМКҚ ең ықпалды күш құрылымының бірі еді, оған Захарченконың жеке күзеті кіретін – олар елдегі ішкі саяси жағдайға ықпал етуге тырысты. Дереккөздердің айтуынша, Донецкіден Захар Прилепинді шығаруға мекеме басшылары тікелей ықпал еткен. Захарченко опат болған кезде қайта құру бітпеген еді.
Бір қызығы, қарсы жақта да мотивациясы күшті, бірақ бақылауға көнбейтін ерікті құрылымдарды құрту басталды. Біріккен күштер операциясын бастаған Украина армиясы "Азов" полкінің қызметінен бас тартты. Полк барлаушылары, мергендері мен артиллериясы біраз уақыт Украина қарулы күштеріне көмектесіп жүрді. Сәуір айының соңында БКО бұйрығымен оның бәрі тоқтатылды.
Майдан шебінде мәселе туындағанын Ресейде тыйым салынған "Правый сектор" тобында айта бастады. Түйісу сызығы бойында жұмыс істейтін еріктілерге арнайы рұқсат қағаз беріп, аккредитация жасауға әрекет жасалды.
Тамыздың соңында тараптар келіссөзінде бұған дейін болмаған ілгерілеу болды.
ЕҚЫҰ бақылау миссиясының бітімгерлігімен тамыздың соңында келіссөзде бұған дейін болмаған ілгерілеу болды. Тамыздың 24-і күні атысты тоқтату туралы кепілдік алынды, ал 29-ы күні "Марьинка" газ тарату станциясы маңындағы алаңды минадан тазарту жұмыстары басталды.
Авдеевка, Марьинка және Красногоровка – Донецкінің серіктес қалалары, барлық коммуникациясы соған байланған. Марьинка мен Красногоровка 2014 жылдан бері табиғи газсыз қалған, Авдеевка газ құбыры қиратылған соң 2017 жылдың маусымына дейін газды Донецкіден алып келді.
Украина Очеретино-Авдеевка газ құбырының қосымша тармағын салды, тамыздың соңында Авдеевка та газ алды. Марьинка мен Красногоровканы газбен қамту жұмыстары басталды, 4 жыл бойы оны істеу мүмкін болмаған еді. Екі қала да түйісу сызығы бойында тұр, кепілдіксіз ешкім бұл жерде газ құбырын қалпына келтірмейтін еді.
Донецкіде бірнеше апта бойы зеңбірек үні естілмеді, Красногоровкада тамыздың соңында Украина ардагерлері Мирон Маркевичтің жетекшілігімен футболдан жергілікті стадионда шекарашылармен жолдастық матч өткізді.
Тамыздың 29-ынан бастап биылғы жылы бесінші рет әдеттегі "мектеп" бітімі жарияланды. Захарченко Донецкідегі жағдай қалпына келіп қалғанда, екі тарап та әскери күштерін басқаруды қолға алған тұста қаза тапты.
(Дмитрий Кирилловтың мақаласы орыс тілінен аударылды.)