Наразылар Грузия парламенті төрағасы мен ішкі істер министрінің қызметтен кетуін талап етіп тұр.
Парламентаралық православие ассамблеясына төрағалық еткен ресейлік депутат Сергей Гавриловтың Грузия парламентінде өткен жиында спикердің орындығында отыруы тұрғындар наразылығына түрткі болды.
Тбилисиге келер алдында телеарнаға берген сұхбатында депутат Гаврилов Грузияның сепаратистік аймақтары Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындау туралы Ресейдің шешімі өзгермейді деп санайтынын айтқан.
Парламент ғимараты алдына жиналған наразы азазаматтар.
Оппозиция белсенділері ресейлік депутаттар түскен қонақ үйді қоршауға алды. Жергілікті полиция қонақүйге тоқтаған меймандарды басқа жаққа әкетуге мәжбүр болды.
Наразылар кейбір полиция қызметкерінің қалқаны мен шлемін тартып алды.
Полиция жас ағызатын газ шашып, наразыларды таратуға екі рет әрекет жасады. "Рустави 2" телеарнасы полицияның наразыларды резеңке оқпен атқаны туралы хабарлады.
Ондаған адамның ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады. Зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз.
Беларусьте ресми сапармен жүрген Грузия президенті Саломе Зурабишвили акция кезіндегі күш қолдануды айыптады.
21 маусым күні таңертең ресейлік депутаттардың Мәскеуге ұшып кеткені мәлім болды.
Наразылық кезінде ондаған адамның зардап шеккені туралы хабарланды.