Тбилиси оқиғасына - 25 жыл
Шеру басталардан бірнеше ай бұрын бір топ жас азамат Грузия тәуелсіздігін талап етіп аштық жариялаған еді. Грузия парламент үйі алдында түсірілген мына суреттегі плакатта аштық акциясының 5-ші күні бойы жалғасып жатқаны жазылған. 28 қараша 1988 жыл.
Сәуір айына қарай наразылық шеруі шырқау шегіне жетті. Мына сурет Грузияның тәуелсіздігін жариялауды талап етіп, 1989 жылы 8 сәуірде Тбилисидегі Руставели даңғылындағы наразылық акциясынан түсірілген.
Грузияның тәуелсіздігі туралы талаппен шыққан бейбіт шеруді күштеп таратқан соң үкімет үйі алдында тұрған совет әскери танктері. 9 сәуір 1989 жыл.
Тбилисидегі Руставели даңғылын күзетіп тұрған совет әскері. 11 сәуір 1989 жыл.
Тиблиси көшесіндегі совет әскери танктері. 11 сәуір 1989 жыл.
Бейбіт шеруді әскер күшімен басып-жаншығаннан кейінгі Грузия үкіметі үйінің алдынан көрініс. 12 сәуір 1989 жыл.
Совет әскері күшпен басқан шеру құрбандарын еске алып мыңдаған адам көшеге шықты. Тбилиси, 16 сәуір 1989 жыл.