Иранның жаңа мәдениет министрі Әли Жаннати бұрынғы президент Ахмадинежад тұсындағы цензураны сынап, «қолдарынан келсе, цензорлар Құранға да тыйым салатын еді» деді.
Жаңа министрдің мәлімдемесіне қарап, Иран халқы жуырда цензурадан біржола құтылады екен деп ойлауға болмайды. Жаннати "күдікті кітаптардың қоғамды улауына" үкіметтің жол бермейтінін де айта кетті. Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменеи де бұрындары «зиянды кітаптарға» қарсы шыққан.
БЮРОКРАТИЯЛЫҚ ШЫРҒАЛАҢ
Иранда еңбегін жариялағысы келген жазушылар мен аудармашылар, баспагерлер бюрократиялық шырмауға түседі. Баспадан шығуы керек шығармалардың бәрі мәдениет министрлігіне жолданады. Ол жердегі цензорлар жазылған және жазылмаған қағидаларға сай, өзінің түсінуіне орай кітаптарды тексеріп шығады. Ислам дініне қарсы, моральдық ұстанымға және Иранның қауіпсіздігіне қайшы деген шығармаларға бірден тыйым салынады. Кейбір кітаптарда күмәнді пікірлер болуы мүмкін, кейбірінің тұтас бөлімін қысқартып тастайды. Жарияланып кеткен кітаптар да бірнеше жылдан соң цензураға ұшырауы мүмкін.
Кітапты көп цензордың бірі оқып шығады. Цензураға жауапты адам бағдарлама арқылы тыйым салынған сөздерді (мысалы, әйел адамның дене мүшесін сипаттауды) іздейді.
Кітапты цензурадан өткізу процесі апта, ай, тіпті жылдарға созылуы мүмкін. «Бұрынғы президент Махмуд Ахмадинежадтың билігі кезінде цензура жаңа деңгейге көтерілді» дейді жазушылар мен баспагерлер.
«ӨЗДЕРІ ТҮСІНБЕЙТІН СӨЗДІҢ БӘРІН ҚЫСҚАРТАДЫ»
Иран ақыны Сепиде Жодейри осыдан үш жыл бұрын елден кетіп қалған. Оның айтуынша, мәдениет министрі Жаннатидің сөздері шындыққа жанасымды.
– Поэзияда біз «құдайсыздандыру» деп атайтын процесс бар. Өлеңдерімізде Құдай туралы пікір айтуға болмайды, тіпті Алланы мадақтауға да рұқсат жоқ. Цензураға жауапты кісі «революциялық құндылыққа адал адам ғана Құдай туралы айтуға лайық» деп ойлайды, – дейді ол.
Жодейридің бір жыл бұрын Иранда жарық көрген кітабы 150 беттік болатын. Цензорлар қарап шыққан соң 19 беті қысқарыпты. Екі аптадан соң кітап жарық көреді, бірақ кейін ақпарат министрлігі баспагерге кітапты таратпау туралы бұйрық береді. Жодейри олардың неге ондай шешім қабылдағандарын ашып түсіндірмегенін айтады. Оның сөзінше, кейбір өлеңдерді алып тастауды талап ететін цензорлар да нақты себебін айтпайды. «Цензорлар көбіне өлеңде астыртын мағына бар деп қорқатын шығар» деп жорамалдайды ол.
– Соңғы жылдары тілі қарапайым, цензорларға түсінікті дүниелер оңай жарияланатын болды. Өлеңнің нақты мағынасына жете алмаған сыншылар оны жариялауға тыйым салады, – дейді ақын.
«ИЗРАИЛЬ МЕН ПЕРҒАУЫН ТУРАЛЫ ДА АЙТПАҢДАР»
Тегерандағы аты-жөнін атамаған редактор, әрі баспагер әдебиеттегі цензураның оғаш тұстары көп екенін айтты. Жазушылар «алкоголь» деген сөзді қолданбай, «сусын, алкогольсіз сусын» деп жазуға тиіс болса, кейбір алкоголь маркалары цензураға ілінбей-ақ жариялана береді.
– Шарап пен вискидің түрлері цензурадан оңай өтіп жатқанда, алкогольді пайдаланудың зияны туралы дүниенің өтпей қалғанын көргенім бар. «Шылым шегу» деген сөзге де кейде тыйым салады. Биге де тыйым бар, тіпті музыка туралы сөз қозғамай-ақ, «біреу қуаныштан билеп кетті» дегеннің өзін жариялатпайды, – дейді баспагер.
Цензурадан өтпейтін тағы бір сөз – «Израиль». Танымал саяси шолушы және Тегерандағы университет профессоры Садех Зибакалам «Израильдің пайда болуы» кітабына мәдениет министрлігінің лицензия бермегенін өткен жылы ирандық ақпарат құралдарына мәлімдеген еді. Оған кейбір шенеуніктердің Израильге «сионистік режим» ретінде қарайтыны себеп болыпты. Ал Зибакаламның кітабы Израиль тарихына басқаша қырынан баға берген.
– Олар кітапта АҚШ президентінің аузынан Израиль деген сөз шықпауы тиіс дегенді айтты, – дейді 2011 жылдың қазанында сұхбат берген жазушы Мехди Шожаи.
Сол жылдың сәуір айында сұхбат берген Шожаи Ирандағы сорақы цензураның егжей-тегжейін баяндаған болатын. Ол цензорлардың кітаптағы бір студенттің «АҚШ-тың үшінші әлемге келіп, адамдардың репрессияға ұшырамауына көмектескені жақсы» деген сөзіне шүйліккенін айтады. «Тіпті тұтас кітаптың мазмұны осы сөйлемде тұрса да, мұны алып тастау керек деді» дейді ол.
Жазушының бір шығармасынан перғауын туралы сөйлемді алып тастауды талап етіпті.
– Неге екенін сұрасам, «Бұл монотеизмге қарсы» дейді. «Перғауын монотеизмді жақтап сөйлеуі керек пе еді?» дедім, – дейді Шожаи.
Көрнекті ғалым, әрі жазушы Аббас Миланидың шығармалары да Иранда цензураға ұшырады. Оның 1965-1977 жылдары премьер-министр болған Амир Аббас Ховейданың өмірі мен трагедиялық өлімі туралы «Парсы сфинксі» атты кітабы президент Мохаммад Хатамидің тұсында жариялануға рұқсат алған. Бұл кітап 20 рет қайта басылып шықты. Бірақ Ахмадинежадтың цензорлары кейін оны жариялатпай тастады. Миланидың еңбектерін Иранда басуға тыйым салып, оны «бүлікшіл» авторлардың санатына қосты.
Миланидің соңғы туындысы «Шах» та жарық көрмеді. Цензорларға қарсы күрескен Милани кітаптың аудармасының көшірмесін сайтына салып қойды. Ол кітапты 40 мыңнан астам адам жүктеген. Пираттық көшірмелері де толып жатыр. Милани өткен аптада Иран билігінің кітапты жариялаймыз дегенін айтады.
– Олар баспагерге хабарласып, бұрын мені заңды құқығымнан айырғандығын айтып, «осы жағдайды өзгерткісі келсе, кітаптан қаржылық пайда көргісі келсе – цензураға келсін, кейбір бөлімдерін өзгертейік, содан соң басуға болады» депті, – дейді жазушы.
Милани «ақпараттар ғасырында үкімет адамдардың нені оқып, нені оқымайтынын шешуге мүдделі емес» екенін айта келе, мәдениеттің «топас цензорлардан» әрқашан үстем түсетініне сенімді.
Гулназ Эсфандиаридың мақаласын аударған – Динара Әлімжан.

Цензор "революциялық құндылыққа адал адам ғана Құдай туралы айтуға лайық" деп ойлайды.

Мәдениет «топас цензорлардан» әрқашан үстем түседі.Аббас Милани