Иран билігі дауға іліккен миллиардер Бабак Занжаниді тұтқындады. Оны бұған дейін Батыс та "Иранға қарсы салынған халықаралық санкцияны бұзды" деп айыптаған еді.
Шамамен 14 миллиард АҚШ доллары байлығы бар, Ирандағы бай адам деуге болатын Занжани жайлы 2012 жылдың соңына дейін көп мәлімет айтылмайтын. Ол сол жылы Иранға ядролық бағдарламасына байланысты экономикалық санкция жариялаған Батыс елдерінің назарына ілікті. Еуропа Одағы мен АҚШ "санкцияны бұзуда маңызды іс атқарды" деп айыптаған адам енді Иран билігінің қырына ілікті.
Өзін "экономикадағы басиджбін" (Басидж - 1979 жылы аятолла Хомейни құрған, еріктілерден құралған, полиция тәріздес ұйым) деп сипаттайтын Занжани 2013 жылғы желтоқсанның 30-ы күні коррупцияға байланысты айыппен тұтқындалды.
Занжани - Иран, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Малайзия, Тәжікстан сияқты елдерде 65 компаниясы бар Sorinet Group бизнес-империясының иесі. АҚШ-тың дерегінше, 1971 не 1974 жылы туған Занжанидің бизнесі косметика
саласынан бастап көлік тасымалы, құрылыс, банкке дейінгі саланы қамтиды. Ол "Рах Ахан" футбол клубына иелік етіп, Ирандағы киножобаларды қаржыландырады.
БАӘ мен Түркияда тұратын Занджани бұрынырақ саясатта шаруасы жоғын, "тек бизнесін ғана жасайтынын" айтқан еді. Бірақ Еуропа Одағы 2013 жылы желтоқсанда Занжаниді "Иранның мұнай саудасына және мұнайдан түскен ақшасына қатысы бар маңызды адам" деп атады.
2013 жылы сәуірде АҚШ қаржы министрлігі Занжанидің компаниясына да "Иранға қарсы санкциядан жалтарып, ел билігі атынан бірнеше миллиард долларды аударды" деген айыппен қаржылық операциясына тыйым салған.
Ал Занджани заң бұзбағанын, өзінің "қара тізімге" енгізілгені бизнесіне жарнама болғанын айтқан.
Бірақ ол Иран ақпарат құралдарына берген соңғы сұхбатында 2010 жылы елге мұнай сатудан түскен қаржыны әкелу үшін Иран орталық банкінің тапсырысын орындауға қатысы болғанын айтты.
Бұл кезде Иранда да Занжанидің саясаткерлерге қатысы барын көрсететін
жанжал туды. 2013 жылы қаңтарда Иран президенті Махмуд Ахмадинежад саяси қарсыласы, сол кездегі парламент спикері Али Лариджанидің бірге туған бауыры Фазел Лариджаниді "З. мырзадан пара алды" деп айыптаған. Ахмадинежад З. мырзаның толық аты-жөнін айтпаған. Іле-шала интернетте әлдебір видеожазба мен суреттер жарияланды. Онда Занджанидің арасында Фазел Лариджани де бар ирандық шенеуніктермен бірге тұрғаны бейнеленген.
Занжани параға байланысты айыпты мойындамаған, ал Фазель Лариджанимен кездесуін кездейсоқтық деп атаған. Ол қару ұстап түскен суреттеріне байланысты: "Бұл - рас сурет. Бірақ 15 жыл бұрын Иракта түсірілген. Ол жақта қауіпсіздік мақсатында бәрі қару асынып жүретін" деді ВВС-ге берген сұхбатында.
Занжанидің Facebook-те жарияланған суреттері оның әртүрлі кездесулерге барғанын, саяхат жасағанын, құрылыс алаңдарында жүргенін, сұхбат беріп отырғанын бейнелейді.
Ол жуықта ирандық ақпарат құралына берген сұхбатында әкесі теміржолшы болғанын, алғашқы бизнесін орталық банк басшыларының көлік жүргізушісі болған кезінде бастағанын, Түркияда ісі алға басқанын айтқан.
Занжани соңғы жылдары Тәжікстанға да жиі барғыштады. Ол бұл елде автобус
станциясы, Душанбедегі құрылыс бизнесі сияқты істерге инвестиция салған. Интернетте оның Тәжікстандағы Нүрек қаласындағы бір тойда билеп жүргенін бейнелейтін видео да жарияланған.
"Құдайдың қолдауымен жолы болғанын" айтқан бизнесмен ақыры Тегерандағы жаман аты шыққан Эвин түрмесіне қамалды. Иранның мемлекеттік Press TV телеарнасы Жоғарғы сот басшысы Амин Хосейн Рахимиге сілтеме жасай отырып, Занжаниге тағылған айыпты жариялады. "Иранның ұлттық мұнай компаниясы Занджаниге құны 3 миллиард долларлық мұнай экспорты ісін тапсырған. Занжани мұнай сатудан түскен миллиондаған долларды жасырып қалған" дейді ақпарат құралы.
Занжаниге байланысты қылмыстық іс 2013 жылы қыркүйекте, Иран парламенті оны мемлекет қаржысын қайтара алмайды деп айыптаған кезде қозғалған. Ол президент Хассан Роухани "қаржылық жемқорлықпен, әсіресе экономикалық санкцияны пайдаланып жүрген "қорғаушысы бар адамдармен" күресеміз" деп мәлімдеген күні тұтқындалған.
Занджани өзіне тағылған айыпты - "шулы коррупциялық жанжалға қатысы бар" дегенді мойындамайды.
(Мақала авторлары - Азаттық тілшілері Фарангис Наджибулла мен Араш Хассан Ниа).