"Қапастағы өнер". Өмірлік түрме жазасына кесілгендердің суреттері мен хаттары
"Қапастағы өнер" көрмесі Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайында ашылды.
Қазақстандағы Еуропа Одағы өкілдігінің басшысы Траян Лауренцю Христеа көрменің ашылуында Еуропа Одағының өлім жазасын қолдануға болмайды дейтін ұстанымына берік екені туралы мәлімдеді.
Қостанай облысы Жітіқара кентіндегі айрықша тәртіптегі колонияның аға инспектор-психологы Светлана Щербакова өте қатты күйзеліске жиі түсетін өлім жазасына кесілгендерге ауыр ойды жеңуіне арт-терапия (өнермен емдеу) әдісі көмектесетіні туралы айтып берді.
"Халықаралық түрме реформасы" (PRI) ұйымының Орталық Азиядағы аймақтық директоры Азамат Шамбилов көрмеге келген шетелдіктерге тұтқындар мен олардың салған суреттері жайлы әңгімелеп тұр. Оның сөзінше, қазіргі кезде Жітіқарадағы колонияда 141 адам қамауда отыр, олардың 34-і сот үкімі бойынша өлім жазасына кесілгендер.
Көрмедегі картиналар, өлеңдер мен хаттар тұтқындардың темір тордың ар жағында түрлі шығармашылық конкурстарға қатысуының арқасында жиналған.
Көрмеге келген адам өмір бойы бас бостандығынан айырылған тұтқынның түрмеден жазған хатын оқып тұр.
Көрмеге тұтқындардың аналарына жазған хаттары да қойылған. Онда хат авторы анасынан кешірім сұрап, сөзінің соңында бұл шығарманы "барлық аналарға" арнайтынын айтқан.
Өмірінің қалған бөлігін қапаста өткізетін адамның өмір туралы ойлары.
Көрмеге келгендерге Қазақстандағы және өзге елдердегі өлім жазасы туралы ақпараты бар буклеттер таратты.
Колониялардағы суицидке қарсы күрес мақсатында жарияланған конкурсқа қатысқан тұтқындардың салған суреттері.
Тұтқындардың "Менің отбасым" суреттер конкурсына арнап салған жұмыстары.
Көрмені ұйымдастырушылар айрықша тәртіптегі колониялардағы өмір мен ондағы тәртіп туралы роликті көрсетті.