Тоғанды қоқыстан тазарту
Тоған жағалауындағы жылдар бойы жиналған қоқысты теріп жүрген ер адам.
Қарағандының орталық саябағындағы тоған.
Бірнеше топқа бөлінген белсенділер тоған аумағын тұтас сүзіп, кездескен қоқыс-қалдықты қапқа жинап салды.
Экологиялық шараны ұйымдастырушылардың бірі Ерлан Әшім тоғанды тазалау барысында қымбат арақтың шөлмегі, душ қабылдағанда пайдаланылатын гельдің бос ыдысы тәрізді заттар кездескенде таңданысын жасыра алмады.
Белсенділер ағаштың қураған бұтағы, шлангі қиығы тәрізді үлкенірек заттарды саябақ шаруашылығы бөлген жүк көлігіне тиеді.
Облыстық экологиялық музейдің директоры Дмитрий Калмыков тоғанның адам аяғы жетуі қиын тұсын тазарту үшін қайықты пайдаланды.
«Нәтиже» сүт фабрикасының қызметкерлері Қарағанды орталық саябағындағы тоған маңында спорт алаңын сырлап жатыр. Осы маңнан өткен жүргіншілер ақ халат киген әйелдерді дәрігерлерге балап, әуелгіде олар мұндай не істеп жүр дегендей таңырқай қарады. Ал бұлардың не мақсатпен жүргенін білген соң тұрғындардың кейбірі тоғанды тазартуға болысуға ниет білдірді.
Саябақтағы тоған маңын тазалап, ретке келтіруге атсалысқан ер адам жаңадан орнатылған орындық пен қоқыс салатын жәшікті қарап тұр.
Саябақтағы ағаш басына қараторғайдың үйшігін орнатып жатқан жігіт. Тоғанды тазалау және саябақ аумағын абаттандыру жұмыстарына қаладағы бірнеше кәсіпорын атсалысты.
Қарағандының орталық саябағындағы тоғанды тазарту бастамасына үн қосқан белсенділер қоқыс-қалдықтарды жинастырып жатыр.
Еріктілер ары-бері өткен жүргіншілерге үйде тұрмыс қалдықтарын тастауға екі ыдыс: бірін – тамақ қалдықтарына, екіншісін – қайта өңделетін қалдықтар (әйнек, қағаз, консерві ыдыстары мен тетрапакеттер) салуға арнап ұстау туралы кеңес жазылған парақшалар таратып тұр.