Ташкент маңындағы көкпар
Сәмсерек ауылындағы көкпарды тамашалауға жас та, кәрі де жиналды.
Ереже бойынша, көкпарға ержүрек, білегі күшті, тақымы мықты ер-азамат өзі таңдап мінген сенімді атымен бірге қатысады.
Ойын барысында көкпаршы басы кесілген серкеш тушасын өзге бәсекелестеріне бермей, белгіленген мәреге дейін жеткізуі тиіс.
Көкпардың қызған шағы.
Көкпар өтіп жатқан жерде ұялы байланыс телефонымен сөйлесіп тұрған жігіт.
Совет кезінен қалған ескі автокөліктің үстінен көкпарды тамашалап отырған көрермендер.
Көкпарды қызықтауға келген ақсақалдар мен өзге де көрермендер.
Көкпар өтіп жатқан жерде майға бәліш пісіріп тұрған әйел. Қазаннан шыққан ыстық бәлішті жұрт табаққа да салып үлгертпей, жапа-тармағай әкетіп жатыр.
Өзбекстанда кез-келген мереке кәуапсыз өтпейді. Бұл жолы да шоққа шыжғырған кәуаптың мұрын жаратын исі мен оттың көк түтіні төңірекке тарады.
Көкпардағы тамашалауға келгендер.
Білек күшіне сенген ала ма, жоқ әлде әдіс-айласын асырғанға бұйыра ма?
Бүгінгі көкпардың жеңімпазы өзі ұтып алған бас жүлде - қойды атының алдына өңгеріп әкеле жатыр. Енді ол өзін жеңісімен құттықтап келген туыс-туған, дос-жаранға осы қойдың етінен табақ тартып, сый-құрмет көрсете алады.
Ташкент маңындағы Сәмсерек ауылының көрінісі.