Бүгін «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының өкілдері кеңселерінен шыға салысымен Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне апарылған. 3 сағаттай ішкі істер бөлімінде ұсталғандар осымен екінші рет жоспарлаған жиынын өткізе алмады. Олар Ішкі істер министрлігінің заңнамаға оқушылар мен студенттерді есірткіге қарсы тесттен өткізуді міндеттейтін түзету енгізу жөніндегі бастамасына наразылық білдірмек болған еді.
Бұрын да жазғанымыздай, бұның алдында олар, «Біз ядролық қалдықтарға қарсымыз» атты акция өткізбекші болған еді. Сол кезде де қор мүшелерін полиция рұқсат етілмеген наразылық митингісін өткізбек болғаны үшін ішкі істер бөліміне алып кеткен еді.
Азаттық радиосына түсініктеме берген «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының жетекшісі Бақытжан Төреғожинаның айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлері алдымен оларды алаңға бармауға үгіттеген.
- ІІД-нің қоғам қауіпсіздігі басқармасы төрағасының орынбасары Абай Тұрысбеков Бостандық ауданы прокурорының орынбасарымен бірге таңертең біздің кеңсеге келді. Олар маған рұқсат етілмеген пикеттер, митингтер мен шерулерді өткізуге заңмен тыйым салынатындығы туралы заңды оқып берді. Сөйтіп, менің бүгін алаңға бармауымды сұрады. Мен келіспей кеңседен шыға беріп едім, мені және қордың 2 мүшесін 11 ОМОН қызметкері автобусқа отырғызып алып кетті, - дейді Бақытжан Төреғожина.
Ол Ішкі істер министрлігінің бастамасын азаматтардың құқына қол сұғу деп бағалайтындығын жеткізді.
Қазақстанда міндетті есірткі тестін жүзеге асыруға адам құқын қорғаушылар қарсылық білдіріп жүр. Алматыдағы Халықаралық адам құқын қорғау бюросының басшысы Евгений Жовтис мұндай жағдайда баланың құқын сақтау бойынша қабылданған халықаралық конвенциялар өрескел бұзылатынын ескертті. Сондай-ақ ол, бұл ұсыныстың шикі тұстары көп екендігін айтады.
- Егер міндетті тестілеу - оқушылар арасындағы нашақорлықпен күрестің бір жолы болса, онда бұл еш нәтиже бермейтін жол екендігі анық. Себебі, алдымен жасөспірімдер арасындағы анашаның таралуын жоюды қолға алу керек. Кез келген жағдайға қарсы күресті оның салдарынан емес, себебінен бастау қажет екендігі айтпаса да түсінікті, - дейді Евгений Жовтис.
Міндетті тестті мектеп оқушылары мен студенттер өтуі керек болса, мектеп бітіріп, жоғарғы оқу орындарына түспей жүрген жастар қайда қалады? Сонымен бірге, студенттер 2-ші 3-ші курстарға көшкенде жастары 18-ден асып кетеді. Олар кәмелеттік жасқа толады. Сол кезде бұл заң жобасы қалай іске аспақ деген уәжді де алға тартады құқыққорғаушы.
- Ал, жарайды міндетті тестілеу енгізілді делік, дегенмен мен өз баламды тесттен өткізуге келісімімді бермеймін. Ондай жағдайда маған ата-ана ретінде белгілі бір шаралар қолданып, жауапкершілікке тартулары қажет болады ғой? – дейді Евгений Жовтис.
Республикада ресми статистика бойынша нашақорлық диагнозымен 55 мыңнан аса адам есепте тұр. Ал Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 29 мыңнан астам жас «нашақор» деген диагнозбен тіркеуде тұрған көрінеді. Алайда есірткіге елтіген жастардың нақты саны қанша екендігін ешкім білмейді дейді мамандар.
Айта кету керек, 2008 жылдың қыркүйек айынан бері астаналық дәрігерлер мектептер мен оқу орындарында 7 мыңға жуық адамнан тест қабылдады. 176 шәкірт есірткіге әуестеніп үлгеріпті. Басым бөлігі марихуана шеккен. Ал тоғызы есірткінің ауыр түріне жататын героинге тәуелді екендігі анықталған. Мамандар, наркотесттің оңай өтетіндігін айтады. Оқушылар ең қарапайым деген анализді тапсырады. Бір-екі минуттың ішінде индикатор баланың бойындағы бөгде заттарды анықтап береді. Егер есірткінің ізі табылса, оқушымен ары қарай полиция жұмыс жүргізеді. Бірден ата-анаға хабар беріледі.
Арнайы тестті тапсырмайынша, барлық оқушы мен студент күдіктілер қатарына жатады. Алматыдағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының директоры Қазбек Төлебаев халықаралық заңдарға қайшы келетіндігіне қарамастан, қалың бұқарамен осы тесттілеудің пайдасы жайында түсініктеме жүргізу керек екендігін айтады.
- Бұл мәселеде екі жақты бірге қараған жөн. Әрине халықаралық заңдарға сүйенер болсақ, онда бұл – адам құқын бұзу. Бірақ енді Қазақстан өз алдына ел болғаннан кейін өзінің ішкі мәселелерін өзі шешуге құқы да бар. Менің ойымша бұл заң жобасын Қазақстанда енгізу үшін ең алдымен халықпен жұмыс жасау керек. Үкімет мемлекеттік емес, халықаралық ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс жүргізуі тиіс. Өйткені, егер бұл ұсынысты халық қолдамаса, оның арты немен аяқталатындығы белгісіз, – дейді Қазбек Төлебаев.
Қалай болғанда да бұл мәселе қоғамда кең талқылануда. Ата-аналар мен бірқатар құқыққорғаушылар «Егер әке-шеше баласының есірткі қабылдамайтынына сенімді болса, неге тест тапсыруға келісім беруі тиіс?» дегенді айтады.
Ал Ішкі істер министрлігі міндетті есірткі тесті туралы заң жобасын әзірлеп, Білім және ғылым министрлігімен бірге пысықтауға кірісті.