Митингіден психикалық ауруханаға: Полиция ұстаған белсенді жүйке аурулары орталығында жатыр.
Your browser doesn’t support HTML5
Биыл шілденің 6-сы күні Алматыда наразылыққа шыққан белсенді Уәлихан Сұлтановты әуелі полиция күштеп әкетті. Одан соң Уәлиханның қайда екенін жақтастары білмей, біршама уақыт іздеп, Алматыдағы психикалық сауықтыру орталығына жатқызылғанын анықтады. Белсендінің әкесі, жақтас достары мен адвокаты да онымен әлі кездесе алмай жүр.