Белсенділер "Асарда" ұсталғандардың жағдайына алаңдайды
Your browser doesn’t support HTML5
24 қазан күні Қазақстанның бірнеше қаласында жергілікті белсенділер асарға ұқсас акция өткізіп, қолдан жасалған бұйымдары мен балалар салған суреттерді сатты. Одан түскен ақшаны қазір қамауда жатқан белсенділердің отбасына бермек болған. Бірақ Нұр-Сұлтан полициясы белсенділерді ұстап әкетті. Оқиғаны бақылаған Азаттық тілшісіне де күш көрсетті.