Белсенділер полициядан атаулы күн алдында қудаламауды талап етті
Your browser doesn’t support HTML5
6 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы қалалық полиция департаментіне бір топ белсенді жиналды. Олар 16 желтоқсан күні 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы кезінде қаза тапқандардың рухына тағзым ететінін, ескерткішке гүл қоятынын ескертті және сол күні тәртіп сақшылары ешкімді ұстамасын деп талап етті.