Жер кадастры базасындағы ақпарат жасырыла бастады. Заңгер министрлікті айыптап отыр
Your browser doesn’t support HTML5
Кейінгі бір айда мемлекеттік жер кадастры базасындағы ақпарат ашылмай қалды. Жер қатынастары жөніндегі заңгер Бақытжан Базарбек мұны саботажға теңеп, қоғам, журналистер ақпарат алудан шектеліп отыр дейді. Себебі заң бойынша aisgzk.kz сайтында ауыл шаруашылығы жерлерінің иелері туралы ақпарат ашық болуы керек. Министрлік бұны “техникалық ақау” деп түсіндіреді.