Аңызға толы Ақмешіт үңгірі
Үлкен жолдан Ақмешіт үңгіріне баратын бағытты көрсететін белгі. Үңгір Шымкенттен шамамен 90 километр қашықта орналасқан.
Ақмешіт үңгіріне бастайтын соқпақ.
Үңгірдің кіреберісінде қауіпсіздік каскасы қойылған орын. Алайда үңгірге келгендер үшін қауіпсіздік шарасы жеткілікті деп айту қиын.
Үңгірге баспалдақ арқылы түседі. Үңгірдің ұзындығы шамамен - 120 метр, ені - 60-80 метр, биіктігі - 35 метр.
Үңгір ішінде жүрген адам.
Үңгірге түскен кезде оң жақ қабырғасында жоғарғы қарай қиғаштап ұзындығы шамамен 7-8 метрге жететін жырық кетеді. Жырыққа көтерілген адамдар екі тастың ортасында тұрып, ниет қылып, іштей тілек айтады. Жырыққа көтерілу үшін осылай кезекке тұру керек болады.
Екі баласымен бірге қабырғадағы жырыққа кіріп ниет етіп отырған әйел.
Үңгір ішіндегі алаңшада ойнап жүрген балалар.
Ақмешіт үңгірінің шырақшысы Асқар Рүстембекұлы ұсақ тасты сипап дұға оқып, зиярат етушілерге сыйлайды. Үңгірдің тасы адамды бәле-жаладан сақтайды дейді.
Үңгір ішіндегі алаңшадан шыққан түтін.
Іштен сыртқа қарағанда үңгірдің ернеуі әр түрлі формада көрінеді. Үңгірдің төр жақ бетінен қарағанда ернеу киіз үйдің шаңырағына ұқсайды.
Үңгір ішінен ернеуі кейде тұмар сияқты көрінеді.
Ақмешіт үңгіріне келушілер тас үйіп ниет етеді.
Үңгірдің сол жақ бетінде жайылған ақ орамал.
Үңгірге келгендердің кейбірі өсіп тұрған талға тілек орындалсын деген ниетпен орамал байлап кетеді.