"Қамауда қалдық!" Ақтөбе маңындағы ауыл тұрғындары блокбекетті алып тастауды сұрайды
Your browser doesn’t support HTML5
Ақтөбе қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан, бірақ қалаға қарайтын Шилісай ауылының халқы төтенше жағдайға байланысты қойылған блокбекетті алып тастауды немесе орнын ауыстыруды талап етеді. Тұрғындар сөзінше, ауылда не дүкен, не дәріхана жоқ, интернет те нашар. Қала әкімдігінің өкілі шешімді министрлік шығарады дейді.