Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі. Алматы, 27 қаңтар 2022 жыл.
Алматы қалалық әкімдігі алдындағы сауда дүкені қабырғасындағы көлемі екі шаршы метрдей жерде 15 оқтың ізі қалған.
Республика алаңындағы темір жабындының бірнеше қатпарын тесіп өткен оқ ізі.
Республика алаңындағы цемент қабырғаға қадалған оқ ізі.
"Алмалы" жерасты сауда орталығының шынысын оқ тесіп өткен.
Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіндегі ескерткіштерге бірнеше жерден оқ тиген.
Республика алаңында бейбіт акция өткізіп тұрған адамдар тұтқиылдан оқ жауғанда әкімдік алдындағы "Алмалы" жерасты сауда орталығының кіреберісін паналаған жерде қанға ұқсас дақ қалған.
Қала әкімдігі алдындағы "Алмалы" жерасты сауда орталығының шыны төбесін бірнеше жерден оқ тесіп өткен.
Тәуелсіздік монументіндегі оқ іздері.
"Алмалы" сауда орталығына кіреберістегі қабырғадағы оқ ізі.
Республика алаңында бейбіт акцияда тұрған азаматтардың кейбірі тұтқиылдан оқ жауғанда әкімдік алдындағы "Алмалы" жерасты сауда орталығының кіреберісін паналаған.
Алматы қаласы әкімдігі алдындағы жерасты сауда орталығының шыны есігін бірнеше жерден тесіп өткен оқ ізі.
Дүрбелең кезінде өртенген қала әкімдігі ғимаратын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы, 27 қаңтар 2022 жыл.
Республика алаңының бір шетіндегі қанға ұқсайтын дақ.