Карантиндегі Алматы
Алматыда карантин енгізілгеніне айға жуық уақыт өтті. Әдеттегідей көп адам мен көлік байқалмағанымен, көшеде тамақты үйге жеткізіп берумен айналысатын компания қызметкерлері және бірен-саран өзге қарапайым адамдар ұшырасты.
Адамдар жақын маңдағы дүкенге немесе дәріханаға бару үшін үйден шыға алады. Бұған қоса ауруханаға бару және үй жануарын серуендетіп қайту үшін де үйден шығуға рұқсат етіледі. Карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынады немесе бірнеше тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.
Полиция жол бойында көліктерді тоқтатып, қандай мақсатпен жүргенін тексереді.
Тамақты үйге жеткізіп берумен айналысатын компания қызметкері Алматы көшесінде велосипедпен кетіп барады.
Қала ішінде жолаушы таситын автобустар анда-санда бір өтеді, әдетте бірен-саран ғана адам отырады. Кейде аялдамада автобус күтіп тұрған үш-бес адам кездесті.
Қала ішінде жолаушы таситын автобус Алматыдағы Қазақ-британ техникалық университетінің қасынан өтіп бара жатыр.
Астана алаңындағы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ескерткіші. 2019 жылдың маусымында дәл осы жерде полиция кезектен тыс президент сайлауының ресми қорытындысымен келіспей қарсылық акциясына шыққан жүздеген азаматты ұстап әкеткен. Наразылар билікті сайлауды бұрмалады деп айыптаған. Сайлаудың ресми қорытындысы бойынша, билік партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болып жарияланған.
Итін серуенге алып шыққан тұрғындар үйінен 500 метрден ары ұзамауы тиіс.
Әйткенмен көшеде иесіз жүрген иттер де кездесті.
Демалыс күндері көшеде артық жүріс байқалмайды.
Коммуналдық қызмет әдеттегідей жұмыс істеп жатыр. Гүлзарларға гүл егіліп, көше тазартылған.
Алматының орталығындағы көшелерді бірі.
Көшеде тірі жан байқалмайды.
Бетіне медициналық маска таққан әйел Алматының орталық көшелерінің бірінде кетіп бара жатыр.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры.
Тәуелсіздік ескерткіші.
Алматының орталығындағы 28 панфиловшы атындағы саябақ та карантин кезіндегі өзге қоғамдық орындар сияқты жабық тұр. Бақта серуендеуге тыйым салынған.
Осы саябақта қаладағы ертеден келе жатқан сәулет және тарих ескерткіші - Вознесенск кафедралды соборы орналасқан. Қазір карантин кезінде ол да жабық тұр. Діни салт-жоралғылар онлайн режимде атқарылады. 19 сәуір, жексенбі күні православ христиандар Пасха мейрамын атап өтеді. Ол да онлайн режимде өтпекші.
Бетіне медициналық маска тағып, қолына арнайы қолғап киіп алған әскери қызметкер.
Алматының орталық көшелерінің біріндегі медициналық жедел жәрдем көлігі.