11 наурызда Шымбұлақта АҚШ, Беларусь, Канада, Қазақстан, Ресей, Украина және Швейцария спортшылары өнер көрсетті.
Фристайлдан әлем чемпионатында қазақстандық бірнеше спортшы көзге түсті. 2018 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Юлия Галышева могулдан жеке жарыста екінші орын алды, Павел Колмаков ерлер арасында фристайлдан қола медаль иеленді. Ал 15 жасар қазақстандық спортшы Анастасия Городко қосарлы могул жарысында қола жүлдегер атанды. Могул - тау бөктерінен төменге шаңғымен құлдилап, трамплиннен секіріп орындалатын жаттығу.
Чемпионаттың соңғы күні спортшылар өнерін тамашалап тұрған адам. Бұл күні спортшылар күрделі акробатикалық жаттығу орындаудан сынға түсті.
Спортшы шаңғымен трамплиннен төмен қарай сағатына 50 километрден асатын жылдамдықпен зымырап, әуеде күрделі акробатикалық элементтер орындайды.
Фристайлдан жарыста әуеде күрделі жаттығуды әдемі әрі мүлтіксіз орындап, соңында құлап қалмай, жерге денесін тік ұстап түскен спортшыға жоғары баға беріледі. Алайда чемпионат барысында жаттығудың соңына қарай сүрінгендер аз болмады.
Шаңғышылар жаттығу алдында.
Шымбұлақтағы әлем чемпионатының соңғы күні күн бұлтты болды.
Фристайлдан әлем чемпионатына қатысушы жаттығу орындап жатқан сәт. Алыстан мұнартқан бұлттың астында Алматы қаласы жатыр.
Беларусь спортшысы, 2018 жылғы Олимпиада чемпионы Анна Гуськова жаттығу алдында. 11 наурызда Беларусь командасы төртінші орын иемденді. Анна бұл күні жеке есепте тек бесінші орынды місе тұтты.
Жарыс жолын тегістеп жүрген жұмысшы.
Күрек ұстаған жұмысшылар спортшының жаттығуын тамашалап тұр.
Фристайлдан әлем чемпионатына қатысушылар тау басына шығып бара жатқан сәт.
Чемпионатқа қатысушының қорытынды жаттығуы.
Фристайлдан әлем чемпионатын тамашалап тұрған адамдар.
Әуеде жаттығу орындағаннан кейін жерге сәтті түскен спортшы.
Трамплиннен сальто жасап секірген шаңғышы.
Ресейлік спортшылар Павел Кротов (солдан оңға қарай), Любовь Никитина мен Максим Буров фристайлдан әлем чемпионатының алтын медалін иеленді. Алматы, 11 наурыз 2021 жыл.