Аядай бөлмедегі тоғыз сәби
Your browser doesn’t support HTML5
Алматының шетінде тар баспананы жалдап тұрып жатқан Айгүл Ысқақованың тоғыз баласы бар. Айгүл автобус жүргізушісі болып жұмыс істейтін жұбайының табысы тек осы баспананы жалдауға жететінін айтады. Көп балалы ана бүлдіршіндерімен бірге балабақшадағы Наурыз мерекесіне қатысты.