Алматыда маска тақпағандарға айыппұл салынбақ. Дәрігер мен жұрт пікірі
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыда мамырдың 25-інен бастап жаппай маска тағу міндеттелді. Талапты бұзған тұрғындарға да, ережені сақтамаған кәсіпкерлерге де айыппұл салынады. Кейбір тұрғын «14 мың теңгеге жуық айыппұл екі ай каратинде табыссыз отырғандардың қалтасын қағады» деп, ережесе наразы екенін айтады. Мұны дұрыс шешім санайтындар да бар. Бірақ әкімдік те, полиция да айыппұл қашан салына бастайтынын нақты айтпайды.