Алматы әуежайының хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7:05 кезінде №2100 рейспен Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан ұшақ әуеге көтерілген соң көп ұзамай байланыс үзілген. Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақта 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Билік 14 адамның қаза болғанын хабарлады. Зардап шеккен ондаған адам ауруханаға жеткізілген, кейбірінің жағдайы аса ауыр деп хабарлады дәрігерлер.
"Жедел жәрдем шақырыңыздар!". Ұшақ құлағаннан кейінгі сәт
Your browser doesn’t support HTML5
Желтоқсанның 27-і күні таңертең Алматы маңына Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Ұшақта жүзге жуық адам болған.