"Назарбаев билігі кетсін!" Алматыда полиция сайлауға наразыларды күштеп ұстады
Your browser doesn’t support HTML5
10 қаңтар мәжіліс және мәслихат сайлауы өтіп жатқан күні күндіз Алматыда орталық алаң маңына Жанболат Мамай бастаған демократиялық партия құрғысы топ пен "Оян, Қазақстан" қозғалысының белсенділері дауыс беруге қарсы наразылыққа шықты. Оларды арнайы жасақ қоршап алып жылжытпады. Полиция оннан аса белсендіні ұстады.