Турнирге Қазақстанның он аймағынан саятшы қатысты. Пандемияға байланысты жарыс ережелеріне біраз өзгеріс енгізілді: әр облыстан тек екі бүркіт, екі сұңқар және екі қыран әкелуге рұқсат берілді. Атыраудан келген Арман Қошқаров жеңімпаз деп танылды. Бірақ басқа өңірлерден келген саятшылар да жарыс көрігін қыздырып, көрерменге ерекше ләззат сыйлады. Суретте: бүркітін баптаған саятшы оны аңға салуға дайындап тұр.
Бірнеше кезеңнен тұратын жарыста аушы құстар 200 метрден қашықтықтан иесін тауып, қолына қонуы тиіс, кептерлерді ұстап, түлкілер мен қояндарды аулауы қажет. Суретте сұңқардың қоян ұстағаны бейнеленген.
Жыртқыш құс аулайтын таппаса, жіберілген қоянды турнир қатысушыларының өзі ұстауы керек. Ұстап алған соң, қоянды торға қайта қамайды.
Аушы құс ұстаған аңшы "Сонар-2020" бүркітшілер жарысында.
Сұңқарға қойылатын міндеттердің бірі – ұшып бара жатқан кептерді ұстау.
Тапсырма орындалды: сұңқар кептерді ұстап алды.
Ұлттық киім киген қыздың қолына қонақтаған аушы құс.
Тапсырмалардың бірі – түлкі аулау. Бүркітшілер қырдың бойына тізіледі, ал олардан жүздеген метр қашықтықта түлкіні босатады. Құс түлкіні ұстауы қажет, ал аңшылар оны дер кезінде құтқарып алуы тиіс. Суретте бүркіт түлкіні қуып жеткені бейнеленген.
Құтқарылған түлкіні торға қайта қамайды.
Аңшы сұңқар құсты жіпке байланған өлі кептерді ұстатқызып жатыр.
Бүркітші мен бүркіт.
Сұңқар құс жас аңшының қолына қонды. Қырдағы жарыс кезінде тұман түсті. Бірақ бұл аушы құсқа тапсырманы орындауда кедергі келтірмеді.
Көліктің жүксалғышында тұрған бүркіттер "Сонар-2020" жарысында өз кезегін күтіп тұр.
Аушы құсты басына қондырған ер кісі.
"Сонар-2020" бүркітшілер жарысында жүрген аңшы мен сұңқар құс.
Алматы облысында ең мықты бүркітшіні таңдайтын "Сонар-2020" турнирі өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты әдетте Қазақстандағы ірі жарыстардан қалмауға тырысатын Қырғызстан мен Моңғолия бүркітшілері жарысқа қатыса алмады.