Польшаның Алматыдағы жеті күні
26 сәуірде Польшаның Қазақстандағы елшісі Селим Хазбиевич (сол жақта) Алматыдағы Орталық музейде "Андерс армиясы - Үміт жолы" көрмесін ашты.
Көрмеге 1939 жылғы СССР мен Германия арасындағы Молотов - Риббентроп пактісі қол қойылғаннан бастап Совет одағы аумағында поляк армиясы құрылғанға дейінгі аралықтағы поляктар тарихынан хабар беретін Польша және Британия архивтері мен музейлерінде сақталған суреттер қойылған. Бұл армияны басқарған Владислав Андерс 1939 жылы НКВД түрмесіне қамалып, 1941 жылдың тамызына дейін отырады.
Андерс армиясы совет үкіметі мен қуғындағы поляк үкіметі арасындағы келісім бойынша құрылады. 1946 жылға дейін өмір сүрген армияның құрамында СССР аумағындағы поляктар қызмет етті. Олардың көбі сталиндік лагерьлерде немесе жер аударылып "жазасын өтеп" жүрген болатын. Кейін Владислав Андерс Қызыл әскермен бірге соғысудан бас тартып, Екінші дүниежүзілік соғыстың Италия майданында Британия әскері құрамында соғысады.
Көрмеде кезінде Қазақстанға депортацияланған поляктардың өмірінен хабар беретін суреттер де қойылған.
Қазақстанға депортациямен келген поляктар әкелген бұйымның бірі әлі күнге отбасы тұмары ретінде сақталған.
Көрмеге кезінде Ирактағы бітім күштері құрамында болған қазақстандық әскери қызметкерлер де келді. "Қазбат" аталған инженерлік-саперлік отряд 2003-2007 жылдары Польша басқарған "Орталық-Оңтүстік" дивизияның құрамына енген.
Ортада тұрған - Алматы қаласы және Алматы облысындағы поляктардың "Вензь" мәдени орталығының жетекшісі Олег Червинский.
Вроцлав қаласынан келген TVP Polonia телеканалы қызметкерлері Польшадан келген қонақ Николь Радзивиллден сұхбат алып тұр. Ол - бір кезде Сібірде айдауда болған поляктардың "Сібірліктер одағы" ұйымының мүшесі.
27 сәуір күні Қазақстан президенті архивінде Польша апталығы бағдарламасына енбеген шара болды. Архивтегі кездесуде екі ел тарихшылары біріккен жобалар жайын ақылдасты. Суретте қол алысып тұрған - ұлттық рух институтының директоры Матеуш Шпытма мен Президент архиві директорының орынбасары Қайрат Әлімғазинов. Қайрат Әлімғазиновтың сол жағында тұрған - Гданьскіде орналасқан Екінші дүниежүзілік соғыс музейінің директоры Кароль Навроцкий.
Президент архивінде Польша тарихшылары поляктардың Қазақстанға қоныс аударуы туралы бұрын-соңды жария болмаған құжаттармен де танысты. Мына құжатта Андерс армиясы құрамында болғандарды орналастыру тәртібі белгіленген.
28 сәуірде Польшадан келген Jedliniok ән-би ансамблі де өнер көрсетті. Бұл өнер ұжымының құрылғанына 40 жылдан асып кеткен.
Аталған ансамбь өнер көрсетер алдында поляктардың "Вензь" мәдени орталығы Польшадан келген бірнеше қонақты өздерінің "Қазақстан поляктары алдындағы қызметі үшін" медалімен марапаттады. Бұл кеште Польша марапатына да екі адам ие болды. Соның бірі - Жамбыл облысы Мерке ауданынан келген Аслан Кикинадзе. Ол Андерс армиясы құрамында болғандардың мазарын күтіп-баптаған.
28 сәуірде Польша апталығы Қапшағай қаласында жалғасты. Рим-католик шіркеуі бар бұл қалада бірқанша поляктар тұрады. Шіркеуде Отан үшін қасиетті дұға оқылды.
Дінбасы Артур Занусь қасиетті дұға оқып тұр. Ол әлеуметтік жағдайы төмен адамадарға қамқорлық көрсеткені Польша орденімен марапатталды. Ол дінбасылық атқаратын храм жанында әлеуметтік жағдайы төмен балалар мен отбасыларға арналған балалар үйі жұмыс істейді.
Балалар үйі шіркеудің қарсысында орналасқан. Польшаның Energa және ONICO компаниялары осы маңнан спорт алаңын жасаған. Спорт алаңын ресми түрде Польшаның Алматыдағы бас консулы Радослав Грук (сол жақта) ашты.
Быдгощ қаласының епископы Ян Тырава - спорт алаңында.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері.
Польшаның Алматыдағы бас консулы Радослав Грук тұрған қақпаға Спорт және туризм министрінің орынбасары Ярослав Ставиарский символды түрде доп соғып жатыр.
Қапшағай су қоймасы жағасындағы демалыс орнында жалғасқан Польша апталығында Польшадан келген аспаздар Матеуш, Данил және Енджей (солдан оңға қарай) негізгі құрамы капуста мен еттен тұратын " бигос" мәзірін әзірледі. Аспаздар - Познандағы Гастрономия және қонақ үй ісі жоғары мектебінің өкілдері. Олар шеберлік сабақтарын да өткізді.