Наразы тұрғындар Алматы прокурорының отставкасын талап етті
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы прокуратурасына жазған арыз-шағымдарына жауап ала алмағанын айтқан оннан астам адам қала прокуроры "Ғабит Миразов қызметінен кетсін", "Бас прокуратурадан жедел тергеу тобын күтеміз" деген жазу ұстап, наразылық акциясын өткізді. Оларға ғимарат ішіне кіріп сөйлесу туралы ұсыныстан бас тартып, өздеріне қала прокурорының шығуын талап етті. Прокуратура алдына жарты сағаттан астам тұрған соң наразылар тарап кетті.