"Құлап кете ме деп қорқамыз". Алматыда көпқабатты тағы бір үй қисайды
Your browser doesn’t support HTML5
Алматының Алатау ауданы Зерделі ықшамауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары ғимарат құлап түсуі мүмкін деп үрейленіп отыр. Олар "үй шалқайып барады" дейді. 2013 жылы "Қолжетімді баспана" мемлекеттік бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген үйде 72 пәтер бар. Жергілікті әкім ғимаратқа тексеру жүргізілетінін айтады. Ықшамауданда осыдан үш жыл бұрын қисайып кеткен тағы бір көпқабатты үйдің іргетасын шегендеп бекіткен. Қазір ол үйде адамдар тұрып жатыр.